Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

12 Желтоқсан 2014

СЕНІМДІ АҚТАЙДЫ

Өткен аптада Көкпекті ауданында Дәулет Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған қазақша күрестен аудандық жарыс өтті.

Бұл күні ұлттық спорт түрі- қазақша күрес жарысына 1999 жылдан бастап 2003 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Турнир барысында ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар бақ сынады. Екі қатар төселген күрес кілемінде қара терге түскен палуандар. «Бап шаба ма, бақ шаба ма» дегендей, жарыс барысында жер бауырлап жатқан қарсыласының белінен алып, ыңғайлы жағына аударып тастау әркімнің арманы болды.

Жарысқа қатысқан Көкжайық орта мектебінің оқушылары арасынан 6 «Ә» сынып оқушысы Мерей Қайратов пен 8 «Ә» сынып оқушысы Құштар Серікұлы – ІІІ орынды иеленіп, жас жаттықтырушы Данияр Орынбековтің сенімін ақтады.  Болашақта команданың басқа мүшелері де өздерінің шеберліктерін шыңдай түсетініне сенім мол. Аудан спортының дамуына үлес қосып жүрген жаттықтырушының шәкірттері әлі де жақсы нәтиже көрсетуге тырысады деп ойлаймыз.

Назгүл МУРСАЛИМОВА

Read more

МӘСЕЛЕЛЕРДІ БІЛІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ОЛАРДЫ ШЕШЕ БІЛУ ДЕ ҚАЖЕТ

9 желтоқсан күні «Қазақстан - Өскемен» телеканалында аудан әкімі Д.М Мусиннің брифингі өтті. Студиядағы тікелей эфирде ол журналистер мен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Брифинг барысында тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, Бастаушы ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп құрылысын салу мәселелері бірінші кезекте тұрғындарды алаңдататыны белгілі болды. Олардың барлығы зерттеліп, шешуге қажетті құжаттар топтамасы әзірленген. -«НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Жолдауы бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті аудан әкімі.

Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалған жоқ. Аудан әкімінің айтуынша, Шәріптоғай ауылындағы апаттық жағдайдағы медпункт ғимараты мәселесі де шешімін тапқан. Сондай-ақ, Үлкенбөкен ауылындағы дәрігерлік емхананы көлікпен қамтамасыз ету мәселесі туралы сұраққа берген жауабында ол, Облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті тапсырыс берілгені, «жедел жәрдем» көлігін сатып алу 2015 жылға жоспарланғанын жеткізді.

Үлкенбөкендіктер ауыл клубын жөндеу жұмысының басталуын күтуде. Алайда, ол үшін жобалық сметалық құжаттарды даярлау мен рәсімдеуін аяқтау қажет.

Самар ауылының тұрғыны А.Сычевті жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың, оның ішінде «Каскад-Н» ЖШС-нің іс әрекеті мәселесі қызықтырды. Аудан әкімі бұл сұраққа берген жауабында пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарына көп уақыт жұмсалатынын ескертті. «Каскад-Н» ЖШС ағымдағы жылы алтын өңдірісі алаңын даярлауды бастады. Алайда, әлемдік нарықта алтын бағасының күрт төмендеуіне байланысты жұмыс уақытша тоқтатылған. Компания басшылары аудан тіршілігінде белсенділік танытып, тек биылғы жылы келісімшарттағы міндеттеріне сәйкес әлеуметтік дамуға арналған аудан бюджетіне 20 млн. теңге аударды.

Қыс маусымының басталуына орай, тұрғындарды қар тазалау мәселесі алаңдатады. Дүйсенғазы Мағауяұлы бұл жұмыстар үшін ауданда 4 жол мекемелері жұмыс атқаратынын және олармен келісімшарттар жасалғанын, жанар-жағар май мен қаржы қоры жеткілікті екенін түсіндірді.

Брифинг барысында аудан тіршілігіндегі әртүрлі салаларды қамтитын жиырмадан астам сауалдар түсті. Аудан әкімі олардың бәріне нақты жауабын қайтарды және оларды шешу жолдарын анықтап берді.

Бұндай жағдай іс әрекеттерді ұйымдастырудағы оның сындарлы ұстанымын білдіреді. Өйткені бүгінгі таңда орын алған мәселелерді біліп қана қоймай, оларды мемлекеттік және салалық бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, сондай-ақ, аудан әлеуетін толық іске қосып, дер кезінде шешудің тиімді жолдарын да білу қажет.

Надежда ШАРОВА

Read more

ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI ТУРАЛЫ.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N2733 Конституциялық заңының негізінде, Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Қазақстан Республикасының Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.

Қазақстан Республикасының Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан -Әбішұлы Назарбаев бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланды.

1 желтоқсан Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Бұл біздің еліміз үшін жаңа мереке болып саналады.

Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егеменді Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты, Мемлекет бас¬шы¬сы болып сайланған Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мем-лекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қа¬зақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.

Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз елiндегi тыныштық пен келiсiмдi көзiнiң қарашығындай сақтауда.

Тұңғыш Президент күні-бұл тарихи таңдау күні, барлық Қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні.

А.Алдиев Көкпекті аудандық сотының төрағасы 

Read more

«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте 5 желтоқсан күні «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына өтудің жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. Өйткені, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік  күні мереке қарсаңында өтті. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің ең үздік 30 оқушысы қабылданды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.Онда мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. 8 «а» сынып оқушысы Алғазинова Аяжан топ басшысы болып табылатын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау есте қаларлықтай өтті. Ұйымға қабылданушы оқушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді.

Жас қабылданушыларға көгілдір галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілері қадалды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Саягүл Тілебалдина «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғандарды құттықтау тілегін айтты. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» Әнұранымен аяқталды.

Г.Калиякперова, мектеп тәлімгері

Read more

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМІЗ

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздік таңын көру біздерге бұйырды, сондықтан да қазіргі ұрпақ өзін бақыттымын деп санауы керек. Шынында бостандықты бағалаудан, азаттықты ардақтаудан, тәуелсіздікке тәу етуден артық ешбір бақыт жоқ. Халқымыз бір жарым ғасырға созылған жоңғар шапқыншылығында, екі жарым ғасырға созылған патшалық отарлауға қарсы ұлт-азаттық көтерілістерде елінің еркіндігі үшін қан төгіп, қайғы жұтса да, тепкі көріп, тентіреп жүрсе де, бір сәт егемендікке деген ұмтылысын ұмытқан емес, рухын жасытқан жоқ.

Қайта тәуелсіздікке деген құштарлық атадан балаға аманат болып қала берді. Еркіндік аңсаған қазақ халқының өршіл мінезі, намысты жаныған жалыны жастардың желтоқсан көтерілісіне әкелді, тарихтың жаңаша жазылуына себепкер болды. Ар-намысы тапталған қыздар мен жігіттеріміздің азулы империя Кеңес Одағының өктемдігіне қарсы ұмтылысы шын мәнінде жойқын оқиғалардың басы болды. СССР құрамындағы 15 республиканың бірі Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні өзінің тәуелсіздігін жариялап Қазақ ССР Жоғарғы Советі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қабылдады. Қазақ елі бостандық алды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Егемендік алу оңай емес, ал еңсесін тіктеген ел болу одан да қиын. Біздің алдымызда тәуелсіздікті қорғау, татулықты сақтау, тұрақтылықты орнықтыру сияқты аса күрделі тарихи істер тұр», деп айтқан болатын. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында Президент мемлекетіміздің қалыптасқанын әйгілеп, оның жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл құжаттың қай бағдарламасы болмасын ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Иә, тарихи өлшемдегі қысқа 23 жыл ішінде қазақтың кең даласында болашағы бекем, келешегі кемел мемлекет орнады. Осы жылдарда елдің көші аумай, шаңырағы шайқалмай, іргесі бекіп көршілермен шекарасы заңдылық жолымен белгіленіп, мемлекеттік құрылымдары негізделіп, елдік дәстүрлер қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздік нышанын анықтайтын мемлекеттік рәміздері қабылданып, төл ақшамыз - теңге айналымға енді. Жиырма үш жылда ұлтты ұйыстырып, қаймағы бұзылмаған берекелі бірлік орнады, ұлтаралық келісім мен діни түсіністікке негізделген бірегей қоғам қалыптастырылды.

Тағдырдың тәлкегінен әлемге тарыдай шашылып кеткен қандастарымыз құтты қара шаңыраққа қайта жиналуда. Қазақстан әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең әріптестік қарым-қатынас орнатты.

Тәуелсіздікті нығайта түсу мақсатымызды жүзеге асыру үшін елімізде кең көлемде әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар табанды түрде жүргізілді.

Бұл қайта құруларға бүгінде барша қазақстандықтар куә болып, оң нәтижелерін көруде, тәуелсіздік пен еркіндіктің жемісін татуда. Бүгінгі жетістіктеріміз елімізде қалыптасқан ұлтаралық және конфессиялық татулықтың, халықтар достығы мен ынтымағының арқасы деп білеміз.

Өзінің ашық та бейбіт ұстанымы нәтижесінде еліміз әлемнің төркүл дүнесіне танылып, беделді мүшесіне айналды. Елбасының халықаралық қауымдастық алдында көтеріп жүрген ірі бастамалары ядролық қарудан бас тартуға, өңірлік қауіпсіздік шараларын нығайтуға, G-глобал форматында кеңестер өткізуге, халықаралық терроризмнің алдын алуға бағытталған.

Экономикалық және әскери қауіпсіздігіміздің негізі Қазақстан Президентінің бастамасымен Кеңес Одағы орнында құрылған тәуелсіз мемлекеттер достастығы Кедендік Одақ, Евразиялық экономикалық кеңістік және әскери одақтастық ұйымдары болып табылады.

2011 жылы өткен Қысқы Азиада ойындары, 2012 жылы өткен Лондон олимпиадасы, әлемдік деңгейдегі саяси басқосулар еліміздің беделін асқақтата түсті, ал халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өтетіндігі соның айғағы болды. Қолымыз жеткен жетістіктердің бәрі азаттық пен еркіндіктің арқасында, ұлттық мемлекетіміздің қолдауына сүйене отырып еткен еңбегіміз бен барлық тетіктердің айқын да үйлесімді жұмыстарының нәтижесі деп білеміз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Read more

ШАҒЫН АУЫЛДАРҒА ЖАН - ЖАҚТЫ КӨМЕК ҚАЖЕТ

6 желтоқсан күні аудан әкімі Д.М.Мусин жұмыс сапарымен Шәріптоғай және Воздвиженка ауылдарында болды.

Шәріптоғай ауылында ол апатты жағдайдағы медициналық пунктті және оған лайықты деп танылған басқа ғимаратты да көрді. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Р.Сафиоллинова емдеу мекемесін апатты жағдайдағы ғимараттан басқа жерге көшіру бойынша қабылданып жатқан шараларды айтты. Қазіргі күні лайықты деп танылған ғимаратты аурухана теңгеріміне қою үшін құжаттар жасалып жатыр, ал 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында оны жөндеуді жоспарлап отыр. Аудан әкімі жаңа нысанды көре тұрып, оның сыртқы және ішкі жұмыстары және абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Воздвиженка ауылында аудан әкімі жақында ғана іске қосылған «Өрнек» ЖШС-нің 430 бас сауынды сиырға арналған тауарлы–сүт фермасын аралады. Бұл ферма екі сауын бөлімі мен зарарсыздандыру және мал төлдететін, бұзау бағатын бөлімдерден тұрады. Бүгінгі күні жауапкершілігі шектеулі серіктестікте 1209 бас ірі қара бар, оның ішінде 507 бас аналық, олардың барлығы осы фермада орналасқан.

ЖШС басшысы Ержан Қойгелдин жұмысшыларымен бірге аудан басшысына ферманы көрсетіп, шаруашылықтың мал шаруашылығын дамыту бойынша әрі қарайғы жоба-жоспарларымен таныстырды. Жобада ферманы ұлғайтып, тағы да 200 басқа арналған сиыр базын салу және сүт сауымын 3 мың литрге жеткізу қарастырылған. Жоба жаңа қолға алынып жатса да, одан көп үміт күтуге болады.

Дүйсенғазы Мағауяұлы бұл мал кешенінің әрі қарай дамуға әлеуеті зор, алайда, бірнеше кедергі бар екеніне тоқталды. – Сіздер барлықтарыңыз да өз істеріңізді жақсы білетін мамансыздар. Сондықтан мал табынын ғылыми жағынан жетілдіріп, тұқымын асылдандыруды қолға алу керек. Қазіргі күні мемлекет ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып отыр, яғни сіздердің тараптарыңыздан өз жоспарларыңызды бүге-шігесіне дейін қарастырып, мал басын селекциялау жүйесін жан-жақты талдауларыңыз, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалануды да ұмытпау керек, - деді аудан әкімі.

Аудан әкімі өзінің ауылшаруашылығы саласы бойынша орынбасары Р.Сағындықовқа және ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Р.Теміржановқа ферманың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты қолға алу және шаруашылыққа жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

ЕкатеринаСКУДАРНОВА

 

Read more

УМЕЕМ УДИВЛЯТЬ ДРУГИХ

Правительство  поставило перед    образованием  задачу:  выпустить в жизнь молодых людей, которые могли бы быть способны грамотно работать с информацией, гибко адаптироваться в меняющихся жизненных ситуациях, самостоятельно приобретать знания, быть коммуникабельными, самостоятельно работать над развитием своего интеллекта, культурного уровня.

     Коллектив средней школы имени Ауэзова  считает, что участие старшеклассников в конференциях полезно с точки зрения развития у школьников умений выступать перед публикой, анализа своих выступлений, презентации, т.е. важных качеств, способствующих их дальнейшей успешности в учебе и, в конечном счете,  в самостоятельной жизни. 

     Наши ученики приняли участие в международной научно-практической конференции на тему «Интеллектуальное, творческое развитие учащихся как возможность повышения качества образования» среди учащихся 9-11 классов общеобразовательных школ.  Конференция прошла в два тура.  1 тур - заочный, 2 тур прошел на базе  учреждения «Колледж Семей». Школьным научным обществом «Эврика»  для участия было предложено  четыре  доклада, два из которых заняли призовые места. Это «Физика біздің айналамызда» Адылгазинова Назиля  - 1  место (учитель физики Б.Смагулова) и  «Тәуелсідік және тіл» Даутканова Актолкын - 3 место (учитель казахского языка и литературы Г.Мухаметкалиева)

  Все работы вошли в сборник. Учителя и участники научно-практической конференции были награждены похвальными грамотами. Мы гордимся успехами наших воспитанников и верим, что в дальнейшем они продолжат свое образование в престижных университетах нашей республики и внесут достойный вклад в развитие нашего государства.

Д.Турлыбеков, директор  школы им.Ауэзова

Read more

ПУТЬ К ПРОЦВЕТАНИЮ

Представитель республиканской информационно-пропагандистской группы, председатель Комитета казначейства МФ РК Канат Баедилов на минувшей неделе встретился с жителями района. Главная цель визита -  разъяснение  и пропаганда Послания Президента «Нұрлы жол - Путь в будущее.

Первая встреча прошла с педагогами в Кокпектинской школе.

- Послание «Нұрлы жол» ставит более масштабные задачи и амбициозные цели,  - обратился Канат Ескендирович к присутствующим на встречах.  - Мы вправе ожидать от его реализации новых достижений. В  рамках реализации Послания «Нұрлы жол» предусмотрено создание более 200 тысяч новых рабочих мест. Кроме этого, озвученные инициативы дадут толчок развитию смежных отраслей. Новая экономическая политика направлена на экономический рывок в условиях кризиса, что невозможно без индустриально-инновационного развития. Рост экономики мы связываем с реализацией инновационных проектов, мультипликативным эффектом. Отрадно и оптимистично, то, что при решении этих задач наш Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев   очень четко обозначил приоритеты.  Он отметил, что не все государства пройдут этот сложный  период стабильно. Но наше государство и наш Лидер нации не отказываются от исполнения социальных обязательств, все они будут сохранены в полном объеме.  Акцент в Послании сделан  на  решении проблем аварийных школ и трёхсменного обучения, а также нехватки детских садов. В ходе встречи  аким района Д.М.Мусин озвучил радостную новость – в 2015 году начнется строительство новой школы в селе Бастауши, здание которой  находится  в аварийном состоянии.

Педагоги активно задавали вопросы гостю района К.Баедилову. В связи с оптимизацией  сферы образования, возник вопрос о строительстве интерната  в селе Кокпекты. Учителя обратились с просьбой оказать поддержку  в решении данного вопроса.  Канат Ескендирович ответил на вопросы участников встречи, пообещав,  внести записку  в Министерство образования.

 Аналогичную  встречу Председатель Комитета казначейства провел с депутатами районного маслихата, предпринимателями,  представителями конфессий, ветеранами, госслужащими. Кроме этого, Канат Ескендирович  в общественной приемной  районного филиала партии «Нұр Отан» провел прием граждан по личным вопросам.

Жители района высоко оценили выступление гостя   и поделились с нами своими впечатлениями:

Аслан Таныспаев, директор Кокпектинской школы:

- Приезд Каната Ескендировича  еще раз убеждает нас  том, что наше государство, наш Елбасы проявляет заботу о своих гражданах. Отрадно услышать, что сфере образования  будет оказано большое внимание в рамках реализации задач Послания. Этот визит накануне Дня Независимости дает нам весомый стимул к работе, направленный на повышение качества знаний наших детей. Озвученные на встрече проблемы будут решаться, и это все направлено на повышение качества знаний, воспитание достойных граждан, патриотов нашей  страны. 

Гульсум Баймадиева, преподаватель, методист детского сада «Орнек», с. Преображенка:

- Сегодня в открытом диалоге с Канатом Ескендировичем мы нашли ответы на все интересующие нас вопросы. Реализация Послания Президента  - это наше общее дело. Мы все должны быть активными.  Только приложив максимум усилий, мы сможем осуществить все задуманное, способствуя тем самым повышению  уровня жизни всего народа. Самое главное сейчас – это создать все условия для обучения наших детей, ведь они  будущее страны, им вершить ее дальнейшую судьбу.

Екатерина СКУДАРНОВА

 

Read more

МЫ ПОМНИМ, МЫ ГОРДИМСЯ

9 мая 2015 года семидесятый раз прогремит салют Победы. А в памяти народной  и поныне живы героическое  мужество, доблесть и отвага бойцов,  трудовые подвиги  тружеников тыла.

 Путь к Победе был трудным  и долгим. Один из тех, кто ковал Победу - Закиров Галлаутдин Касенович, много лет жил рядом с нами.

 Ветеран родился 9 августа 1923 г. в селе Черноярка Кокпектинского района. В 1942 году после окончания семилетней школы призвался в действующую армию. Полк формировался в Башкирии, оттуда был направлен в Сибирь,  в лыжную дивизию. Воевал Галлаутдин в роте автоматчиков под Мичуринском. А в 1943 г. служил в разведке под Киевом, где при взятии языка был ранен и госпитализирован.

После 6-месячного лечения при налаживании телефонной связи, подорвался на мине и был тяжело контужен. Затем длительное  лечение, и вновь в строй,  принимал участие в освобождении Польши. А дальше наш герой был среди тех, кто штурмовал Берлин. За годы войны он  награжден орденом «Славы» I степени, медалями «За Отвагу», «За взятие Берлина», «За Освобождение Варшавы».

После капитуляции Германии служил в кадровых войсках под Берлином в г. Постдаме. И  уже после войны  был награжден медалью «За победу над Германией в Великой Отечественной войне.

В мае 1947 г. Закиров Галлаутдин  возвратился домой. Но вскоре переехал  работать в село Ивановку,  а  затем вместе с семьей в село Большевик. За годы трудовой деятельности он освоил профессии машиниста-дизелиста по обслуживанию электростанции, тракториста-комбайнера, водителя.  Галлаутдин Касенович и в мирное время старался быть всегда  впереди. Поэтому его труд оценен  медалями за доблестный труд, грамотами, ценными подарками.

Вместе с супругой они вырастили  пятерых детей. Но жизнь его не была долгой, дали знать о себе боевые ранения и контузия. 15 мая 1990 г. после длительной болезни в возрасте 66 лет  он скончался.

Мы помним прошлое. Мы ставим памятники погибшим. И один из самых величественных памятников – слово поэта:

У подножия братской могилы

Я тихо, как память, стою,

В негнущихся пальцах сжимая

Гражданскую шапку свою.

И мертвых нетленные очи,

Победные очи солдат

Как звезды сквозь облако ночи,

На ночь не мерцая глядят.

 АсылжанКыдырханова, ученица 10 «б» класса  школы им. Ауэзова 

Read more

ПОТЕНЦИАЛ ЕСТЬ, НУЖНА РАБОТА

 6 декабря  аким района побывал с рабочей поездкой  в селах Шариптогай и Воздвиженка.

 В селе Шариптогай он осмотрел аварийное здание медицинского пункта, а также  подходящий для этого другой объект. Главный врач ЦРБ Р.Сафиоллинова проинформировала о  мерах, по решению проблемы аварийного здания  медпункта.Так,  в настоящее время готов пакет документов для постановки здания на баланс ЦРБ, а в первой половине 2015 году планируется провести ремонт. Аким района при осмотре нового здания дал ряд поручений по наружному ремонту и благоустройству территории.

В селе Воздвиженка  аким района посетил недавно открытую молочно – товарную ферму на 430 коров ТОО «Орнек». На сегодняшний день ферма состоит из двух доильных отделений, помещения для стерилизации и хранения молока, и родильного отделения с телятником. В ТОО  имеется  1209 голов крупнорогатого скота, из них 507 фуражных коров находятся на территории   фермы.

Директор ТОО Ержан Койгельдин вместе с работниками фермы ознакомили главу района с дальнейшими планами хозяйства  по развитию животноводства. О проекте по расширению фермы, а именно: о  строительстве третьего коровника на  200 голов коров и  увеличения суточного надоя  молока до 3 тыс. литров. Проект пока только в разработке, однако, уже сейчас в нем виден перспективный  результат по увеличению молочного поголовья.

Дуйсенгазы Магауянович отметил, что у фермы хороший потенциал для развития, однако, есть ряд внешних факторов, которые сегодня мешают его росту. - Вы все опытные и, знающие свое дело специалисты, - сказал аким района. – Необходимо интегрировать с наукой и усовершенствовать стадо. Сейчас государство дает все возможности для роста сельскохозяйственной продукции, и поэтому вы должны очень четко сформулировать свои планы и отработать все схемы селекции поголовья.  Надо использовать возможности государственных программ.

Аким района дал ряд поручений своему заместителю в сфере сельского хозяйства Р.Сагандыкову и руководителю отдела сельского хозяйства и ветеринарии М.Темиржанову доработать проект по усовершенствованию фермы и оказать максимальную поддержку хозяйству.

 Екатерина  СКУДАРНОВА

 

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз