Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте 5 желтоқсан күні «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына өтудің жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. Өйткені, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік  күні мереке қарсаңында өтті. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің ең үздік 30 оқушысы қабылданды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.Онда мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. 8 «а» сынып оқушысы Алғазинова Аяжан топ басшысы болып табылатын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау есте қаларлықтай өтті. Ұйымға қабылданушы оқушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді.

Жас қабылданушыларға көгілдір галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілері қадалды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Саягүл Тілебалдина «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғандарды құттықтау тілегін айтты. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» Әнұранымен аяқталды.

Г.Калиякперова, мектеп тәлімгері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз