Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылға концерт келеді деп тағатсыздана күткен  Тассайлықтар  абыр-сабыр. Құлақтан кіріп бойды алатын әсем ән мен тәтті күй көктемнің құбылмалы күнін жарқ еткізді. Құданың  құдіретімен Қылы бойының төлтумасы Саяхат Сартаев кішкене күнінен әншілігімен ел аузына іліккен. Бала Саяхаттың өн бойындағы әншілік қасиет әкесінен қонса, кейіннен музыкалық қабілетін арттырып адымын ашқан, алғашқы ұстазы М.Әуезов мектебінің ән-күй мұғалімі, бесаспап маман  Тасқайнат  Әлкей  болатын.

Бесінші сыныптың оқушысы, Абайдың кең үнді ауқымды әншіні қажет ететін ойлы әндерін салып аудандық, аймақтық байқауларда ақ көзге түсті. Мектеп бітіре салысымен өнер қуып Алматы асты. Қазақ  халқының дүлдүл әншісі Нұрғали Нүсіпжановтан дәріс  алды.

Бүгінгі күні туған ауылына өзі құрған «Сарын» тобымен алғашқы концертін беріп, әншінің шашбауын көтере келген «Шығыс  жұлдыздары» атты бишілер ансамблі өз өнерлерін тарту етті. Саяхат пен «Сарын» тобының жан-жақты бай репертуарында құлақ құрышын қандыратын биік әндер де, жаныңды баурап, көкірегіңе сағыныш пен  мұң ұялатып, бір сәт кенет құбылып қуанышпен ләззатқа бөлеген  әуендер де, делебеңді қоздырып «шіркін ай, билеп билеп жіберсе ғой»- деп ынтықтыратын қызу қанды әндер де орындалды. Әсем әннің арасында мың бұралған биші қыздардың өнері де көрікті қыздыра  түскендей. Әр халықтың биін нақышына келтіре орындап, көрерменді сиқырлы әуезбен еліктіріп алды..

Сауық кештің соңы әншінің ұстазы Мейірлі Жанұзаққызының  аналық ақ  тілегімен қадірлі қария Қуан ақсақалдың ақ батасымен  тәмамдалды. «Ғашықтар күні» мерекесімен орайлас, атамекенге ажарлы ән сыйлаған жезтаңдай әнші, тума талант иесі Саяхат  баурымызға өнер өзенінде ескегің сынбай, қарымың талмай қалқи бер дейміз!

Катрен Байжуманов, Тассай  ауылы

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз