Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында 1 республикалық имамдар форумы өтті. Салтанатты жиынға форум делегаттарымен қатар мемлекет, қоғам қайраткерлері, Сенат пен Мәжіліс депутаттары және зиялы қауым өкілдері қатысты. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аталмыш форумға қатысушыларға арнап, оның жұмысына табыс тілеген жылы лебізді құттықтауын ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев жеткізді.

Бүгінгі таңда Қазақстан мұ-сылмандары діни басқармасы мемлекетіміздің даму жолында Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен, дін жолын ұстанбайтындармен ынты-мақтастықта тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отандық тәжірибені қолдайды. Осы форумда бұл үрдісті одан әрі нығайтуға негіз болып саналатын Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы қабылданды. Көкпекті ауданынан маңызды шараға делегат болып, қатысып келген орталық мешіттің бас имамы Ерзат қажы Ахметханұлы бізге имандылық шарасы туралы әңгімелеп берді.

-Имамдар форумынан алған әсерім ұшан-теңіз. Әлхамдулилла, ата-бабамыз сан ғасырлар аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізудің арқасында асыл дініміздің қайнар бұлақтарымен қайта қауышып жатырмыз. Соның бір айғағы болған бірінші республикалық имамдар форумына көршілес мұсылман мемлекеттерінен келген мүфтилер, өзге де дәстүрлі діндер өкілдері, еліміздің түкпір-түкпірінен келген имамдар, яғни, 500-ден астам қатысушылар бас қосты. Ұлағатты шарада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты, қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековтің «Дін – ұстай білсең қасиетің», республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтың «Ақсақалын ардақтаған елміз» тақырыптарында жасаған баяндамаларында ислам дінінің адамды парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелейтін құдіреті, қоғамға тигізетін пайдасы, жас ұрпақ бойына рухани таным мен сенім негізінде беретін бағыт-бағдары жайында және т. б. көптеген келелі мәселелер қозғалды.

Сондай-ақ, шара барысында ҚМДБ наиб-мүфтиі Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсыл-мандарының тұғырнамасы, «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» және «Мұсылман тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті» тәлімдерін таныстырды. Бұл құжаттар имамдар форумында дауысқа салынып, бірауыздан қабылданып, бекітілді. Тұғырнамада мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білуге тиісті діни мәселелері және оның зайырлы қоғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасына қатысты көзқарастар айқындалып, оны дін қызметкерлерінің күнделікті қызметінде басшылыққа алу жайы қарастырылған, – дейді әңгімесін жалғастыра келе, Ерзат қажы Ахметханұлы.

Сонымен бірге оның айтуынша, бұл күні жиналған мұсылман қауым «Әзірет Сұлтан» мешітінде бесін намазын оқып, соңынан мешіт асханасында ас берілді.

- Елдің рухани тірегі ретінде маңыздылығы басым асыл дінімізді насихаттау арқылы жамағатқа, әсіресе, жастарға дұрыс ақпарат жеткізудің басты шешімі – бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жолға қойылған халықтың діни   сауатын арттыру екені анық. Осы орайда елдің дамуы мен мұсылмандардың ауызбіршілігін, ұлтаралық бірлікті сақтауды көздейтін Тұжырымдама игілігін барша жұрт көретініне сенімдімін. Қоғамдық ұйымдармен жұдырықтай жұмылып, имандылық жолында қызмет етсек, Алла жазса, талай биік мұраттарға қол жеткізетініміз келешектің еншісінде, - деді сөз соңында Ерзат қажы Ахметханұлы.

Әңгімелескен Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз