Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Биыл талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл толып отыр. Мұнда қаншама жас қыршынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті - бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие, Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.

Осыған орай Самар қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде «Ауғанстан- жүректегі жара» атты патриоттық кеш өтті. Бұл кеште ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алып минуттық үнсіздік жарияланып,ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Мереке барысы ауған соғысы туралы слайдтармен көркемделіп бейне клиптармен ұштасты. «Атамекен» тобының және Д.Самаринаның орындауында  «Будь ты проклята война»,«Победа», «Заман-ай», «Брат мой десантник», «Любовь –это жизнь» әндері тыңдалды. Мерекенің соңында Самар қарттар үйінің тұрғындары ауған соғысының ескерткішіне тағзым етіп гүл шоқтарын қойып көздеріне жас алды .

Ауған соғысы - жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер.

Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы. Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.

 Ә.Құдагелдинова, әлеуметтік жұмыс бойынша маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз