Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандағы шалғай елді-мекендердің бірі Қарақол ауылында желтоқсанның 29 күні балаларға арналған жаңажылдық мереке өтті. Шыршатойға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақыт Есімханқызы Оразғалиева мен аудандық «Нұр Отан»партиясы филиалының бірінші орынбасары Гүлбарам Майлыбайқызы Ақшабаева арнайы барып, балаларға мерекелік сыйлықтар табыстады.

Шағын ауылдың мектебінің тар дәлізінде өткен шыршатой көрермендерді шаттыққа кенелтті. Мерекелік қойылымдарды тамашалауға ауыл тұрғындары да жиналған.

Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді ғой деп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым, - деп басталған «Қош келдің, Жаңа Жыл» атты мерекелік шара ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Шәмшігүл Жолданбаеваның жаңажылдық құттықтау сөзімен жалғасты. –Бүлдіршіндерді, оқушыларды, барша ауыл тұрғындарын жаңа жылдарымен құттықтаймын. Келер жылда тек жақсылықтар болып, ұрпағымыз білімге құштар болып өссін. Бүгінгі күндей шалқып отырғанымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы. Жаңа жыл құтты болсын! – деп ақ тілегін ақтарды мектеп директоры.

Биылғы жылқы жылының кейпіндегі балалардың киімдері де қызыға қарайтындай көз тартады. «Мен мынадай болып киінемін, маған мынаны алып берші» деп қуаныштарын жасыра алмайтын балалардың еркеліктерін көтеретін ата-аналардың да көңілдері көтеріліп, алғыстарын жаудыруда.

Ал ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі өнерпаздардың өнерлері думанды одан әрі қыздыра түсті. Ата-аналар сәбилерінің күнделікті күйкі тірліктен бір мезет арылып, жайнаған жүздерін көріп, риза болды. «Берсең балаға бер» - дегендей, көңіл бөліп сый жасағанына жан жүректерімен қуанып, жанарлары жарқылдаған балақайлардың қуаныштарында шек жоқ. Ал шырша маңына топтасқан аңдар кейпіндегі балалар бір-бірімен аңдысып, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлық алудың түрлі әдісін тауып, ән айтып, би билеп жатты.

Сонымен қатар, аудан әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Сағындықовтың атынан балаларға мерекелік сыйлықтар табысталды. Шыршатой Гүлбарам Майлыбайқызы мен Бақыт Есімханқызының құттықтау сөзімен аяқталды.

Сыйлық алып шаттыққа бөленген бүлдіршіндер мерекелік көтеріңкі күймен үйлеріне тарасып жатты.

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз