Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халқымыз ерте заманда-ақ «Денсаулық – зор байлық» - деп білген. Спортты әрқашан да биік нысанға қойған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ұрпағымыздың ойы сергек,дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев спортты дамытуға, салауатты өмір салтына айрықша мән береді. Елбасы: «Дені сау ұлт – бәсекеге қабілетті болады, сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі»,- деп атап өткен.

Біздің Үлкенбөкен аулында да бұқаралық спорттың дамуына айрықша мән беріліп, хоккей қорабы орнатылды. Соған байланысты 20 желтоқсанда ауылда хоккей маусымының ашылу рәсімі өтті. Спорт пен дене тәрбиесі тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Осы айтулы іс-шараға ауданнан спорт бөлімінің басшылары М.Жұмақанов С. Темірханов, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.Нұрмұхамбетов және көрші ауылдардан бес команда қонаққа келді. Салтанатты ашылу рәсіміне Үлкенбөкен мектеп ұжымы, басшылары, сынып жетекшілер, мұғалімдер және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Іс-шара мерекеге сай безендіріліп, Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жылы лебіз, тілегін білдіруге сөз алған ардагер ұстазымыз Л. Осипова жас спортшыларға денсаулық пен жеңіс тілеп, осы хоккей қорабына DVD сыйға тартты. Лилия Васильевна қолы бос кезде үнемі хоккей қорабына келіп, конькимен мәнерлеп сырғанайды. Салауатты өмір салтын ұстанып,жастарға үлгі көрсетеді. Осы игі іс-шара хоккей ойнаудан жолдастық кездесуге жалғасты. Жалпы спорт ойындарының ішіндегі ең мықтысы хоккей саналады. Хоккеймен нағыз ерлер ғана ойнайды. Осы аудандық жарыста бірінші орынды біздің ауылдың жас хоккейшілері жеңіп алса, екінші орынды Үлгілімалшы аулынан келген жас спортшылар иеленіп, үшінші орынды Самарлықтар місе тұтты.

Құрыш білекті, батыл жүректі жас спортшылар Айдос Рыскельдинов, Ернар Жұмаділов Амангельді Ғизаттолаев, Әділжан Артықпаев, Берікжан Тұрыспек, Аман Ахметов, Әдлет Рамазанов, Андрей Колядо, Шыңғыс Мұстафин хоккей жарысында біздің жақсы ойын өрнегін көрсетті. Жас спортшыларға оқуда, алдағы жарыстарда сәттілік тілеймін. Ал жас хоккейшілерімізді баптап,бәйгеге қосып жүрген бапкер Есет Нұрғазыұлы Тукушевке биылғы маусымашардың алғашқы жеңісі құтты болсын демекпіз.

К.Қалиева,Үлкенбөкен ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз