Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дарын - адамбойындағыасқан талант, ерекшеқабілет. Яғнидарынды бала асқанталанттыңиесі. Жасжеткіншектіңбойындағытабиғатбергенерекшеқабілетті, дарындылықтытанибілу, оныңоданәрідамуынабағыт-бағдар беру оңайісемес. Сондықтан әрбір ата-ана мен әрбір ұстаз алдындағы міндет –көкірегінде сәулесі бар, талантты баланы ерте бастан тани біліп, оның ақыл-ой қуаты, өнерге деген құлшынысы баға жетпес резерв екенін ескеруі қажет.

Біздің бүгінгі әңгімеміздің арқауы ауданымызда жасыл құрақтай болып өсіп келе жатқан өнерлі бүлдіршін Аймара Айдарханова туралы болмақ. 2006 жылы 4 қазанда Үлгілімалшы ауылында дүние есігін ашқан Аймараның әкесі Айдарханов Мәдениет автокөлік жүргізушісі, анасы Апсалямова Гүлнар музыка пәні мұғалімі мамандығын меңгерген қарапайым отбасы. Оның Бейбіт және Мират атты екі ағасы бар. Аймараның анасы Гүлнар бүгінгі таңда Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде бас қобызда өнер көрсетеді. Әкесі Мәдениет орталық ауруханада жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі.

Анасының айтуынша Аймараның өнерге, әсіресе, би билеуге бейімділігі сәбилік шағынан байқалыпты.

-Аймараныңөнерге, музыкаға бейімділігін буыны бекіп, тәй-тәй басқан кезінен байқадым.Ол Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің шағын орталығында тәрбиеленіп жүрген бүлдіршін шағынан-ақ өнер бәйгесінде бағын сынай бастады.Оның өнерге бейімділігін аңғарған тәрбиешісі Ағылбаева Сұлушаш апай ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнатып, мектепішілік шараларға, байқауларға қатыстыра бастады.Аймара 2010 жылы Көкпекті ауданының 80 жылдық мерейтойына орай, бес балабақша арасында бөбектердің қабілетін ашу және сахна тілін меңгертуге баулу, шығармашылық жұмыстарын бағалау мақсатында өткен «Көкпектінің бәйшешектері» атты өнер байқауына қатысты. Мауытханов Айәділ екеуі орындаған халық биі «Қара жорға» әділқазылар көңілінен шықты. Билеу шеберлігі үшін сол жолы Аймара I орынға лайық деп танылып, мақтау грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, кішкентай бүлдіршін аудан орталығына келгенде «Шуақты шұғыла» балабақшасында да өз өнерін ұштай түсуіне тәрбиешілерімен бірлесе жүріп, бар мүмкіндікті жасауда болдым. Өзім өнер саласында жүргеннен бе оны әрбір мереке, өнер байқаулары, аудандық мәдениет үйінде өтетін шаралардан тыс қалдырмай қатыстыруға тырыстым. Аймара жаңажылдық шыршада «жылан жылы» рөлін, Наурыз мерекесінде «жаңа жыл», «Отты жылдар шежіресі» қойылымында бала рөлін, 2014 жылғы жаңа жылда ертегілер ертеңгілігінде «Маша мен аю» мультфильміндегі Маша рөлін,Ұлы жеңіс күніне арналған 2014 жылғы 9 мамырда өткізілген мерекелік іс-шараларда «Соғыстан қайтқан солдаттар» қойылымында көкесін іздеген бала рөлін сомдап, үлкендерден қалыспай өнер көрсетті. Аймара жеті жасқа келген шағына дейінталай рет сахна төрін бағындырыпты.Айта кетсек, Наурыз мерекесінде «Наурыз аруының»рөлі, «Өнегелі ертегілерде» ертегі кейіпкерлерін, қазақ оркестрінде және жуықта облыс орталығы Өскеменде өткен Көкпекті ауданы күнінде «Соғыстан қайтқан солдаттар» көрінісінде бала рөлін сомдап қайтты.Әрине, өнер жолы қиын жол екені белгілі. Бұл салаға ден қойған жан үнемі ізденіс үстінде еңбектенуден танбауы, киелі сахна төрінде көрермендерді еліктіре, қызықтыра білуі, үнемі өзін-өзі тәрбиелеуі қажет.

Ендеше, бармақтайынан осындай талғампаздықты, әсемдікті, сыни көзқарасты талап ететін қиын да қызықты жолды таңдап алған жас өрімтал Аймараға өнеріңмен биіктерге қол жеткізе бер. Тек ата-анаңның ғана емес, білім алып жүрген мектебіңнің, еліңнің намысын қорғап, даңқын көкке көтеретін өнерпаз азаматша бол дегіміз келеді.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз