Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Көкпекті ауылында ауданымыздағы алғашқы Srteet workout алаңы ашылды. Спорт мектебінің алдында орналасқан алаң түрлі спорттық белтемірлермен жабдықталған. Аудан жастары алаңға жиналып, өзара сайысқа түсіп те үлгерді.


Ел болашағының кілті жастардың қолында. Ертеңгі күні еліміздің іргетасын қалайтын жандардың білікті, дені сау, шыныққан азаматтар болып өсуін бүгіннен қамтамасыз ету игілікті іс. Сондықтан, аудан орталығында ашылған жаңа спорт нысаны заман ағымына сай жастардың қалауын дөп басып отыр. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің маманы С.Темірханов пен Жастар орталығының маманы Ә.Артықбаевтың жетекшілігімен спортсүйер жастар белтемірде тартылудан, брустарда тірек қимылын жасаудан және түрлі жаттығулардан жарысқа түсті. Шара соңында қатысушылар марапатталып, көрсеткіштеріне қарай, жүлделі орындарға ие болды.
Уоркаут алаңының құрылысына аудандық бюджеттен 1 млн. 33 мың тг. бөлінген. Спорттық алаңға сапалы жабдықтарды орналастырған «А.Оканова» ЖК болып табылады. Есігін кез келген уақытта айқара ашатын спорттық алаң аудан жастардың өмірінен үлкен орын алып, күнделікті шынығуға келетін орындарына айналады деген үміттеміз. Srteet workout жастар арасында зор танымалдылыққа ие заманауи спорт түрі. Кез келген уақытта қолжетімді уоркаут алаңдары ауданымызда салауатты өмір салтын дамытуға үлесін қосатын арнаулы орын.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз