Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен айдың 28 жұлдызында көршілес Тарбағатай ауданында, қазақылықтың табы әр жолында сайрап жатқан Ақсуат жерінде ұлттық дәстүріміз ұлықталды. Ат спортынан Ырғызбай Досханаұлы атында әлем кубогінің құрметіне ұйымдастырылған республикалық бәйгеге 27 тай, 28 құнан, 20 жорға, 47 топ бәйге, 57 ат қатысты.


Қашықтығы 15 шақырымды құрайтын құнан бәйгеде аудан намысын қорғаған Қарақат 3 орынға ие болды. Құс қанат жүйріктер додасында алғыс сапта көрінген тұлпар иесі Балабек Танысбаев бұрын жылқышы болған. Аттың бабын аяқ алысынан аңдаған маман тұлпарының осы жолы да оза шабатын халін сезгендей-ақ.
Айта кетер болсақ, тұяғымен тас тескен тұлпар көктем мезгілінде облыстық құнан бәйгеге қатысып, 2 орын алған болатын. Жүйріктің алдынан асу шыққан сайын арыны тасып, адымы ашылсын, иесінің бөркін көкке лақтырып, мерейі таситын күндері көп болсын деп тілейміз.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз