Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ежелден Ата қонысын еркін жайлап, төрт түлік малын баққан, малымен жанын баққан елді шоқпарының астына алып, малынан, күнкөрісінен айырып, босқынға айналдырып, аштыққа ұшыратып қынадай қырылуына жол берген, ел үшін еңбектенген елдің ізгі жақсыларына тұтқын қамытын кигізіп, қырғынға ұшыратқан зар заман жаңғырығы уақыт қанша алға озғанмен ел жадынан әсте өшпек емес. Мың өліп, мың тірілген қазақ тарихындағы қасіретті жылдардың қаралы шежіресін 31 мамыр күні бүкіл ел болып еске алады.
Тарих сахнасын қара бұлт торлаған күндердің құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел отырысы өтті. Зұлмат жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың тарихын таныстыруды мақсат тұтқан аталмыш шараны ұйымдастырушылар Көкпекті аудандық орталық кітапхана ұжымы.


Кітапаханада өткен жиынға «Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалының бас кеңесшісі Қ.Мәлғаждаров, округ кітапханаларының кітапханашылары, аудандық Жастар орталығының өкілдері қатысты. Өз кезегінде сөз алған, Қайрат Мәлғаждаров, зұлмат жылдардың тарихына терең түсініктеме бере келе, ұйымдастыру жұмысының олқылық тұстарына сыни сөздерін де қадап айтып өтті. Расыменде, көкіректерге ащы өксік әкеле отырып, тарих беттерінің аса ауыр кезеңдерін парақтау үшін жиналған жұртшылықтың назарына көңілді мерекелік іс-шараның бағдарламасы ұсынылғаны, сөйтіп, шараның салмағын айтарлықтай жеңілдетіп алғаны еріксіз қарныңды ашырады.
Дөңгелек үстел отырысы барысында ұйымдастырушылар тарапынан тоталитарлық жүйе кезіндегі саяси қуғын-сүргін, қолдан жасалған жаппай ашаршылықтың туындау себептері, салдары, отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелермен қатар зерттеу нысаны жан-жақты айтылып, бейнеролик, слайд көрсетілді. Сонымен қатар, сол жылдары Көкпекті ауылындағы репрессияға ұшырап, кейін ақталып шыққан Шерияздан Фахрудиновтың қызы Зифа Шериязданқызы дөңгелек үстелдің қонағы болды. Ол өз сөзінде, нәубетті жылдардың ел басына, отбасына түсірген орасан ауыртпалығы жөнінде тебіреніспен жеткізді.
Іс-шара соңында қатысушылар жаңа қазақстандық патриотизм мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру барысында ұлт зиялыларының тарихын насихаттау мен оқытуды басты назарда ұстау қажеттігін атап көрсетті.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз