Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Белорусь Республикасының астанасы Минск қаласында 2-4 желтоқсанда таэквон-додан Әлем Кубогы болды. Бұл додада әлемнің 22 елінен келген спортшылар бақтарын сынады. Біздің ауданнан Бақыт Рахимов жаттықтырып жүрген таэквон-дошылар қатысты.Олар Еркебұлан Зияш 3 орынды, Жасұлан Смағұлов 4 орынды иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Аталмыш додаға барып қайтқан Еркебұланды әңгімеге тартқан едік.
- Еркебұлан, сені жеңісіңмен құттықтаймыз! Таэквон-домен шұғыл-данғаныңа көп болды ма?
- Мен бұл спорт түрімен 9 жасымнан бастап айналыстым. Маған бұл шығыс жекпе-жегі өте ұнайды. Сонымен қоса, жас кезінде әкем Бауыржан бокспен айналысса, анам Дариға жеңіл атлетикаға әуес болған. Ата-анамның бойындағы қасиет менің де әуесқойлығыма қозғау салған шығар. Біз отбасымызбен салауатты өмір салтын ұстанамыз.
- Алғашқы жеңіске қашан қол жеткіздің?


- Ең бірінші рет Қарағанды қала-сында болып, онда 3-орын алған болатынмын. Қазіргі таңда 29 шақты медальдар мен 20-ға жуық мақтау қағаздарым бар.
- Еркебұлан, өскенде кім боласың? Спортты жалғастырасың ба?
- Жалпы, менің арманым энергетик болу. Спорт менің сүйікті ісім, бос уақытымда оны да қоса алып жүремін және таңдаған мамандығымның иесі болғым келеді.
- Әңгімеңе, рахмет!
Еркебұлан өзі шұғылданатын таэквон-доға тән қасиеттердің барлығы бойынан табылатын, батылдығы, шыдамдылығы, табандылығы мол жас өрен. Оны көкпектіліктер мақтан етеді. Ол бүгінде бәйгеден оза шауып, алтын ұя мектебінің мақтанышына айналып, ұстаздары мен ата-анасын да қуанышқа бөлеп жүр. Жарайсың, Еркебұлан!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз