Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қыстың өз қызығы бар. Бәрінен де қысқы ойындарды айтсаңшы! Шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп, қармен атысып, аққала жасау балаларды ерекше қуанышқа бөлейді. Қыстың ызғарынан жасқанып, үйде отырған баланы көрмейсің, бәрі де шаттана, мәз-мейрам сыртта ойнап жүргені. Бұл әрі ойын, әрі балаларды шынықтырады, денсаулыққа да өте пайдалы. Біздің аудандағы қысқы спорттың түрі шайбалы хоккей ойыны да даму үстінде.


Шайбалы хоккейге қызығушылар да баршылық. Осыған орай, біздің ауданда хоккей қорапшалары құрылып, ойын алаңдары салынғаны аян. Қысқы ойындардың бірі - шайбалы хоккейге қызығушы жас жеткіншектердің саны жетерлік. Биылғы қысқы ойындар маусымының тұсаукесері Үлкенбөкен ауылында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен қатарлас ашылды. Бұл спорттық ойын аудан көлемінде өткен «25 жұлдызды күн» мерекелік шараның соңғы нүктесін қойды.
Шайбалы хоккейдің ашылу салтанатына 6 команда келіп, бақ сынасты. Олар Абай атындағы орта мектеп (Үлгілімалшы ауылы), Көкпекті орта мектебі (Көкпекті ауылы) Қ.Аухадиев атындағы орта мектеп (Теректі ауылы), Көкжайық орта мектебі (Көкжайық ауылы), Амангелді орта мектебі (Мамай ауылы) және Үлкенбөкен орта мектебі қатысты.
Мектеп оқушыларының мұз үстіндегі әдемі биімен ойыншылар мұзға шықты. Мұз үстіндегі шайбалы хоккей додасы өз мәресіне жетті. Ойын қорытындысы бойынша жоғарғы топ ойыншылары арасында 1 орынды Абай мектебі, екінші Үлкенбөкен мектебі, үшінші Қ.Аухадиев мектебі, төртінші Көкпекті мектебі, бесінші Көкжайық мектебі, алтыншы орынды Амангелді орта мектебі алды.
Ал, ортаңғы топ бойынша 1 орынды үлкенбөкендіктер алып, 2 орын үлгілімалшылық ойыншыларға тиесілі болды. Мұз үстіндегі бұл жарыста ең кіші топта ойын көрсеткен Үлгілімалшы командасы алғашқы орынға шығып, үлкенбөкендік жеткіншектер екінші орынды місе тұтты. Барлық ойыншылар бүгінгі жеңістерін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнады.
Мұз үстіндегі спорт - шайбалы хоккейден ойын көрсеткен жеткіншектер аудан әкімінің мадақтама қағаз-дарымен марапатталды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз