Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елiмiз тәуелсiздiк алып, дербес мемлекет ретiнде танылғанына биыл 25 жыл толды. Бұл - қазақ елi үшiн егемендiк пен елдiктi, татулық пен тұрақтылықты, отансүйгiштiк пен патриотизмдi насихаттайтын ерекше мерейтой. Округте өткен жыл бойғы мерейтойлық шаралар 14 желтоқсанда қорытындыланды.
Бiр шаңырақтың астында бiрлiгi жарасқан ауыл тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты мерекелік іс-шарада бас қосты. Тәуелсіздік жылдары еліміз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізгені белгілі. Осы әрбір жеткен жетістіктің артында түрлі салада жан аямай қызмет еткен азаматтардың еңбегі зор. Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосып, ел үшін тынымсыз еңбек еткен Айтан Абдрасымов, Закен Камалиев, Жұмаш Исанов, Қабылбек Алимов, Серік Калдыбаев сияқты бірқатар азаматтарымызды округ әкімі Мерей Смағұлов Алғыс хаттармен марапаттады.


Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күн аясында округтің белсенді азаматтары аудан әкімі атынан марапатталды. Атап айтсақ, М.Хабидолданов, Е.Құсайынов, А.Смағұлов ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуына қосқан үлесі, Ақбота Еңсебаева сурет салу байқауында қол жеткізген табысы, Айдын Тоқсанов жастар арасындағы белсенділігі үшін.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында кітапханада өткен «Көнеден жаңарған жаңа кітап» акциясы қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Республикалық ақындар мүшәйрасының жүлдегері А.Тоқсанов «Тәуелсіз Қазақстаным» атты жыр шашуын оқыды. Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдерін бейнелеген сахналық қойылымды шебер орындаған оқушылар көрермендердің қошеметіне бөленді. Желтоқсанның қанды оқиғасын, Қайрат Рысқұлбековтың ерлігін айшықтайтын қойылым жиналған қауымның көзіне жас ұялатты. Ел егемендігін жырлайтын, туған жерге деген ыстық ықыласты білдіретін патриоттық әндер, мың бұралған билер салтанатты шараның ажарын аша түсті. Сонымен қоса, жас ұрпақтың бойына елжандылық пен отансүйгіштік сезімдерін сіңіріп, оларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаздар Фарида Жағыпарқызы Матышева және Гүлмира Солтанқызы Рахимова марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Абай мектебінің спорт залында жастар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысында Үлгілімалшы ауылының жастар командасы 1 орынды иеленді. Қатысушы командаларға және үздік ойыншыларға «Әділет» шаруа қожалығының басшысы Мейрам Аубакиров тіккен қаржылай сыйлықтар мен округ әкімінің атынан мақтау қағаздары берілді.
Биылғы жыл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін біз әлі талай өткелі күрделі, бұралаң жолдардан өтеміз. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, Туымызды тік ұстап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгеміз. Бүгінгі бейбіт өміріміз Елбасының ерен еңбегі мен қазақстандықтардың татулығы, қастерлі Тәуелсіздігіміздің арқасы. Біз жеткен жетістіктерімізді айтып қана қоймай, болашаққа нық сеніммен қарайық, ағайын. Егемендігіміз еңселі, еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!
М.Мырзабекова, клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз