Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Біз спортты қолдаймыз!» ұранымен 1 желтоқсан Президент күніне орай Теректі ауылының Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінде мұғалімдер арасында аудандық баскетбол жарысы өтті. Теректі ауылдық округінің аппараты мен мектеп әкімшілігінің, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бұл бастамасын қолдап, өздерінің спорттық шеберліктерін сынауға М.Әуезов атындағы және А.Пушкин атындағы орта мектептерден құрама командалар келіп қатысты.

Ұйымдастырып отырған мектептен 2 команда, келген қонақтардан 2 команда шығып, 4 команда тартысты ойын көрсетті.
Білімді де білікті ұстаздарымыз өздерінің спорттық шеберліктерін де жақсы байқатты. Құрама командалар жақсы дайындалып келгендіктен жарыс жоғары дәрежеде өтті. Қорыта келе, Қ.Аухадиев атындағы орта мектеп мұғалімдері І-орынды, А.Пушкин атындағы орта мектеп мұғалімдері ІІ-орынды, М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімдері ІІІ-орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, келген командаларға белсене қатысқаны үшін Теректі ауылдық округі әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды. Келген қонақтар оқушылардың бұл іс-шараға дайындалған флешмоб биін, әншілердің әнін тыңдап қайтты. Осындай салауатты өмір салтын насихаттайтын жарыстар әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Ж.Сейітқазы, Қ.Аухадиев атындағы орта мектеп,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз