Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әнді көмейімен емес жүрегімен салған бозбаланың бозторғайдай әуезді үні құлақтан кіріп бойды баурайды. Мәнді мәтіні мен мұңды әуені сай жұптасқан құдіретті сарын. «Асыл ана жаулығы желбіреген...» баяулай қалқып, көкірегіңді сағынышты аңсауға ұштастырып барып-барып беймәлім бір күйге бөктірген әншінің сыршыл, сезімді дөп басатын тәңірдің өзі сыйға тартқан балаң табиғи дауысы.


Қазақ сахарасында еркіндіктің ақ таңының атқанына да 25 жыл толыпты. Ширек ғасыр деген дәуірдің шамалы ғана бөлігі болса да осы аралықта елімізде қаншама ұлы істер атқарылып, тарихи оқиғалар топталып өтті. Боданнан шығып, бұғаудан босанған азаттығының арқасында атағы әлемге айдай болды. «KaZakhstan» десе елеңдемейтін ел жоқ. Оның қойнауы кенге толы Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан ұланғайыр байтақ даласын, дәулетті елі мен сәулетті Астанасын білмейтін бірде-бір халық жоқ шығар.
Бүгінгі өтіп жатқан Тассай ауылы М.Әуезов орта мектебі ұстаздары ұйымдастырған «Аялы алақан» атты көркем-сазды бағдарламасы, осынау ұлық мерекеге арналған игілікті жиырма бес шараның бірі деуге тұрарлық іс. Өйткені, егемендік алып ел болғаннан кейін дүниеге келген жас ұлан, есімі аймаққа мәшһүр балғын әнші, Әуезов мектебінің 10 сынып оқушысы Жанболат Сақыпжановтың туған ауылы мен алтын ұясына арнаған ән кеші. Табиғат ана баласына асқан жомарттықпен кең үн, келісті келбет сыйлапты. Қаршадай баланың көмейінен әу деп аузын ашып қалса-ақ болды маржан үн ақтарыла салады.Әуеннің созыла биіктейтін тұсында үні қуаттана түсіп, демі бітпей ұзақ дірілдеп тұрып алады. Сүйсінісіңді ірке алмайсың. Япырай, туа біткен өнер осындай болады екен-ау. Еріксіз тамсандырады. Ой, пәлі!
Әнші баланың үніндегі көмескі мұңды түйсікпен ғана сезініп, іштей ойға шомасың. Иә, осыдан оншақты жыл бұрын алтын асықтай екі-үш қарғасын әлпештеп отырған анасы кенеттен беймәлім сырқатқа душар болып, соңында қос аяқ арбаға таңылды. Көлденең кеселден пұшайман күйге түскен анасы туған ауылына қайтып, үш баласын нағашы жұртына алып келді. Әсілі, өнер қан қуалайтыны рас екен. Жанболаттың нағашы атасы Қайырбек аға да тұла бойында тұнған, туа біткен өнері бар адам. Ертеректе Семей шаһарындағы музыка училищесінде оқып, аяқтай алмай қалған. Ал, әжесі Күміс апай да заманында Тассайға белгілі күміс көмей, жезтаңдай, ауыл көркемөнерпаздар ансамблі мүшесі еді. Бәлкім, бұл құдіретті құбылыс осы кісілерден қонған шығар. Әлде қос нағашысы сегіз қырлы Қайрат пен Зульфаттан дарыды ма екен. Олай болатын себебі, қай кезде бара қалсаң да Қайсановтардың үйінен музыка естіліп, ән салынып жататын. Сәл кідіріп барып, ризалықпен жымия «жөн ау» деп бас шайқайсың. Жанболаттың туған әпкесі Динара да өнер қонған қыз бала.10 сыныпта оқып жүргенде Алматыдағы Республикалық «Қысқы ертегілер» атты өнерпаз балалар арасында өткізілген конкурсына барып, жүлделі бірінші орынды алып қайқан. Әйгілі Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова сынды алтын дауысты апаларымыздың ізін басқалы-ақ тұрған бала еді, алайда Динара ұстаздықты таңдады. Нағашы інісі Ерасыл Қайырбеков те қазір ауданымызға атағы шығып жүрген өнерпаз, әнші балапан. Жалпы бұл, ән дарып күй қонған әулет десе болады.
Жанболат биыл Өскемен шаһарында өткен «МузАрт Live» іріктеу жобасына қатысып ,атақты Сәкен Майғазиевтың өз аузынан, «Болашағы зор»- деген баға естіп, батасын алып қайтты. Енді бауырымыз қараша айының соңғы күндерінде өтетін облыстық «Золотой восток» конкурсына барып бақ сынамақшы.
Бүгінгі ән кеші ажарлы өтті. Жанболат өзі анасына,туыстарымен ұстаздарына және бақытты балалық шаққа, атамекенге арнап бірнеше ән орындады. Өз кезегінде сыныптастары да Жанболаттың шашбауын көтеріп, әр түрлі жанрды қамтыған шоу-бағдарлама өткізіп берді.
Кеш соңында әнші ұланның әжесі де немересіне аналық сөзін айтып «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрайымы Сайраш Қалиқызы, ауылдық округ әкімі Ержан Құдайбердіұлы және білікті ұстаз,өз ісінің білгірі ұстаз Берік Серікпайұлының ақ ниетті тілектерімен құттықтауларын жолдап,жас әншінің өнерінің өрлей беруіне, орта жолда шалдығып қалмай, күндердің күнінде әлемнің шырқау көгінде самұрықтай самғаған әйдік әнші болуын тілесті.
Бүгінгі айтулы мақсатты іс-шараның ұйыт-қысы,әрі режиссері, мектеп мүдірінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейірлі Жанұзаққызы Садықованың сондай ақ, әнші баланың қос ұстазы, музыка-саз саласының саңлақтары әнші-фортепьианошы Айман Бапабаева мен ұлттық музыка өнерінің хас шебері Гүлнар Алкееваның еңбектері ауыз толтырып айтуға лайықты. Ал баланың мектептегі екінші анасы іспетті болып кететін ұлағатты жан, әрине ,сынып жетекшісі екені хақ.Өзгеден болмысы бөлектеу, тұңғиық шәкіртінің әрбір басқан қадамына жіті қарап, қабағын бағып, әлденеге қапаланып, тұнжыраған кезі болса жадыратып,өмірден тоқығандарының барлығын зердесіне құйып отыратын аялы алақанды ұстазы, М.Әуезов мектебінің маңдай алды мұғалимасы Бақыт Смағұлованың алар орыны өзгеше.
Дарынды өнерпаз Ж.Сақыпжановтың өткен жаздағы Өскемен сапарында да, жақында болатын облыстық «Золотой восток » өнер сайысына да қол созып қолтығынан демеп отырған қамқор аға, Марат Халиковқа ауыл атынан алғыс жолданып жатыр.
Әдетте, тек кәсіби өнер тарландарына ғана арналатын «шығармашылық кеш» М.Әуезов мектебінде алғаш рет мектеп қабырғасындағы талабы таудай жеткіншекке арналып, мектеп әкімшілігі тарапынан зор ұйымдастырушылықпен өткізіліп отыр. Бәрекелді!


К. Байжұманов,Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз