Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Спортшылардың жетістігі – салауатты өмірдің насихаты" деп бекер айтпаса керек-ті. Адамның денсаулығы қоғамның басты байлығы екенін ескеретін болсақ, дені сау мемлекеттің негізін қалауға үлес қосып жүрген спортшыларымыз құрметке лайық. Ағымдағы айдың үшінші жексенбісі спортшылар қауымының төл мерекесі. Осыған орай, ауданымыздағы денесі шымыр, рухы мықты, өмірлері қайсарлық пен жігерлікке толы  спортшыларымыз бен жаттықтырушылардың пікірлері мен жүрекжарды тілектерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ержан Нұхаев, Самар ЖБСМ директоры:

- Құрметті әріптестер, спортшылар, жанкүйерлер! Адамның денсаулығына пайдасы мол дене шынықтыру мен спорттың  еліміздегі салауатты өмір салтын қалыптастыруда алдыңғы орында тұрғаны баршамызға аян. Спортпен шұғылданған адамның дені сау, ғұмыры ұзақ болары сөзсіз. Біздің спорт мектебінде жүздеген шәкірттер тәлім алып, қазіргі күні өмірлерінің бір бөлшегі ретінде спортты серік етіп алған. Олар ауылымыздың, ауданымыздың атын шығарып, қашанда биік тұғырлардан көрініп жүр. Біз шәкірттерімізден үлкен үміт күтеміз, олардың сол үміт үдесінен шыға білгенін мақтан тұтамыз. Мереке күні оларға:

 - Еліктеп өсер спортшыға әр бала,

Қошеметтер сезіп бақыт кең дала.

Елің тұрар елең қағып жеңсін деп,

Саламатты ел тірегі сен ғана,-дегім келеді.

Ербол Әміров, №2 Самар спорт мектебінің футболдан жаттықтырушысы:

- Шүберекке жанды бірге түйеміз,

Жеңіс тілеп жігер тонын киеміз.

Алға батыр деп, дем беріп айқайлай,

Жеңген кезде қуаныштан сүйеміз.

Жеңіс дәмі тәтті, шіркін, күлесің,

Ел үмітін көтересің білесің.

Қайтпас қайсар мінезіңмен адымдай,

Жеңіс орны тұғырыңа мінесің.

Елің тұрар мейірлене қараумен,

Батырына, батылына балаумен.

Әр жеңіске жеткен сайын қуанар,

Футболшының соққан добын санаумен.

Аслан Ибраев, Белое ауылы Октябрь орта мектебінің волейбол және күрестен жаттықтырушысы:

- Балуандар мықты біздің ойында,

 

Алып ұрар салып ала қойынға.

Күрескенде дес бермеген бабамның,

Қаны қалған тасып тұла бойында.

Күрес деме қызар қазақ, шаршы алаң

Жігерленер қайрат алып барша алаң.

Жауырыны жер тимесін қазақтың,

Тамсансыншы тек өзіңе барша жан

Гүлім Тұрыспекова, қа-зақша күрестен спорт ше-берлігіне үміткер, Үлкенбөкен ауылы:

- Мемлекетіміздің іргесі берік, қадамының нық болуында біздің, жас буынның денсаулығы маңызды орын алады. Ал денсаулық кепілі спорт екені белгілі. Мен өзіме спортты 12 жасымнан бері серік етіп келемін. Мен үшін бұл тек бос уақытымды тиімді өткізудің жолы ғана емес, өмірімнің бір бөлшегі десем де болады. Үздіксіз жаттығу мен талпынысымның жемісін көріп те үлгердім. Қазақша күрес және дзюдодан облыс чемпионы атансам, дәл осы спорт түрлерінен Республикалық сайыстарда жүлделі орындарға ие болдым. Осындай жетістіктеріме себепші болған жаттықтырушым Дәурен Әнуарбекұлына алғысымды білдіремін. 4 жыл мерзімінде қанатымызды қатайтып, бізді спорт әлеміне баулыды. Енді, жаттығуымды жетілдіре түсіп, спорт шебері атанып, жаттықтырушымның сенімін ақтағым келеді.

Амангелді Ғизатоллаев, қазақша күрес және самбодан облыс чемпионы, дзюдодан облыстық сайыстардың жүлдегері, Үлкенбөкен ауылы:

- Ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Демек, тек бір спорт түрімен шектеліп қалуға болмайды. Мен жеңіл атлетикамен де айналысамын, облыстық сайыс-тарда жүлдегер атандым. Дос-тарыммен бас қосқан кезде де уақытымды футбол, воллейбол сияқты спорттық ойындарды ойнаумен өткіземін. Салауатты өмір салтын тек өзім ғана ұстанбай, жақындарым мен дос-тарымды да осыған шақырғым келеді. Спорт пен дене тәрбиесі тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Келешекте әлемдік олимпиа-даларда елімнің туын көкте желбіреткім келеді. Менің спортпен айналысып жүргеніме 5 жыл ғана болды. алдағы уақытта да осы дағдымнан танбасам, бұл мақсатыма жетеріме сенемін.

 

Дайындаған:

Клара НҰРПЕЙІСОВАЖансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз