Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздегі медицина мәселесінің аса маңыздылығын ескерген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Халықтың денсаулығының деңгейі сол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялдық дамуының көрсеткіші іспетті. Сондықтан, әлемдегі дені сау халық қана өзгелермен бәсекелес бола алады» деген-ді.

Аудандағы денсаулық сақтау саласының бүгінгі күні жақсы жаққа қарай ұмтылысы байқалады. Дегенмен, аудан әкімнің тұрғындармен кездесуі барысында бұл салаға қатысты біраз сын айтылған. Осыған орай, аудан басшысы аудандағы екі аурухананың басшыларына тұрғындармен кездесу өткізуді тапсырған болатын. Бүгінгі сұхбат «Ауданаралық аурухана» ШЖҚ КМК бас дәрігері Саят Замамбекұлы Таңатаровпен болмақ.  

–Бірден айта кетуіміз керек, бүгінгі таңда ауданның медицина саласына облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан   қаражат бөлу  анағұрлым жоғары дәрежеде. Өткен жылдарда біздің емханаға күрделі жөндеу жүргізілгені белгілі. Медициналық кадрлармен толықтыруда да ілгерілеушілік бар. 

Медицина саласындағы реформаларға сәйкес әртүрлі санитарлық-эпидемиологиялық сырқаттардың саны азайып, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің де көрсеткіштері бұрнағы жылдардан жақсарған. 

Аудандағы денсаулық сақтау саласының бірқатар   жетістіктерімен қатар кемшіліктері де бар. Олардың біразын біздің пациенттеріміз айтып отырады. Осы орайда біздің аурухананың арнайы құрылған жұмыс тобы барлық дерлік ауылдық округтерде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. 

Ең алдымен, біз ауыл тұрғындарына Ел Президентінің Жолдауында медицина саласының алдына қойылып отырған міндеттерін түсіндіре отырып, сол бойынша өзіміздің алдағы күнге жоспарларымызды, қазіргі күні медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша қолға алынған жұмыстармен таныстырдық.  Халықтың медициналық қызмет көрсету стандарттары талаптарына сай құқын білуі, ақысыз медициналық қызмет түрлері мен тегін дәрілермен қамтылу мүмкіндіктерін мемлекет тарапынан қолдау шараларының заңдылықтары шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау жөніндегі шараларға тоқталдық.

Барлық емдеу-сауықтыру мекемелері сияқты біздің аурухана да шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемеге ауысты, тегін дәрімен қамтылу шаралары мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатыр.   Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша әр азамат өз таңдауын жасаған кезде сол қаражат ем қабылдайтын сауықтыру орнына құйылады.

Кездесулер барысында тұрғындар мамандарға дәрігерлердің қабылдау кестесі, тегін дәрі-дәрмек берілудің заңдылықтары, портал арқылы ауруханаға жату ережелері туралы көкейдегі сұрақтарын қойды. Бұл сауалдарға емхана меңгерушісі А.Арапова, статистик дәрігер Н.Шәріпова жауап берді.

2013 жылы Астанадан келген лауазымды комиссияның тексеруімен екі жыл мерзімге аккредитациядан өткізілдік. Бұл - жақсы нәтиже.  Қазіргі күні оңтайландыру жұмысы аяқталды. Барлық медициналық қызметкерлердің жүктемесі қайта қаралып, жаңаша жұмыс кестесі құрылды. Науқастар дәрігерге қаралу үшін тіркеу бөлімінде өзі келіп, немесе телефон арқылы дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Әр дәрігердің күніне қабылдауына жиырма адамнан деп белгіленген. Сонымен бірге, патронаждық кезекшіліктері бар. Науқастар алғаш рет келген болса, дәрігерге бармас бұрын дәрігералды кабинетінен өтеді. Сонымен бірге, жылдарына қарай скринингтік тексеру белсенді түрде жүргізілуде. Бұл орайда әлеуметтік медбикелердің жұртты жұмылдырудағы жұмысын атап өту керек. Дегенмен, тұрғындардың өз денсаулығына деген ынтымақтастық жауапкершілігі әлі де төмен. Осы бойынша алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Медициналық мекеменің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін барлық жағынан жоспарлы іс атқарылуда. Дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін арттыру да осы жұмыс аясында қарастырылған. Қазіргі күні УЗИ, ФГДС аппараты жұмыс істейді. Науқастар тарапынан оның нәтижелері қалалық зерттеу орындарымен бірдей деген баға алып үлгердік.

Күндізгі стационарда емделу мен дәрігерді таңдауды қазіргі күні науқастардың өздері де тиімді санап отыр. Сонымен бірге, тұрғындардың тегін дәрі-дәрмекті уақытында алулары үшін жеткізіп беруді әр ФАП-тағы медқызметкерлер арқылы атқаруды жолға қоймақпыз. Медициналық қызмет сапасын арттыру үшін біздің емдеу мекемесі ізденіс жасап, қалайда халық ойынан шығуды басты мақсаты етіп қойып отыр.

Жазып алған Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз