Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

"Дидар" газетінің 90 жылдығына орай өткізілген БАҚ өкілдері арасында футбол жарысының жеңімпазы - Көкпекті аудандық "Жұлдыз-Новая жизнь" газетінің құрамасы.
Облыстық турнирге біздің жерлестерімізбен бірге Семей қаласы мен Тарбығатай ауданы құрамалары, "Шығыс Ақпарат" ЖШС, "Менің өлкем" газетінің, "ALTAI" телеарнасының, өңірдегі меншікті тілшілер және Өскемен қалалық әкімдігінің командалары қатысты.
Доп додасында бақ сынаған 8 құраманың ішінен 1 орынды жеңіп алған Көкпекті құрамасы жарыс барысындағы 5 ойынның барлығында қарсыластан басым түсті. Жерлестеріміз топтық кезеңдегі 3 ойынды оңай ұтып, жартылай финалда Өскемен қалалық әкімдігінің құрамасымен ойын соңындағы пенальти сериясында ақтық сынға берілер жолдаманы жеңіп алды. Тарбығатай құрамасына қарсы өткізілген финалдық кездесу тартысқа толы болды. Ойын нәтижесінде 2-1 есебімен басым түскен Көкпекті аудандық "Жұлдыз-Новая жизнь" газетінің құрамасы Жеңімпаз кубогын иеленді.
Ұшқан доптың барлығына тосқауыл қойып, үздік ойынымен көрермендер көзайымына айналған Азамат Шакенов турнирдің «Үздік қақпашысы» атанды. Сондай-ақ жеңімпаз құрама сапында Ерлік Жұмағазин, Бақытбек Әмірғазинов, Жұмағали Сыздықов, Әли Жаңғасинов және Дамир Айдаров алаңда тамаша ойын өрнегін көрсетті.
Айта кету керек, бұл аудандық газет құрамасының облыстық деңгейдегі алғашқы жетістігі емес. Осыған дейін 3 мәрте БАҚ өкілдері арасындағы облыстық турнирге қатысып, барлығында жеңімпаз атанып келген болатын. Аталмыш жарыстарға қатысып, аудан намысын қорғап жүрген құрамаға «Тайм» шаруа қожалығы тұрақты демеушілік көмек көрсетуде. Бірыңғай үлгідегі заманауи ойын формаларын тіктіріп, жарысқа қатысу шығындарына көмек қолын созып жүрген «Тайм» шаруа қожалығының басшысы, жомарт жүректі азамат Ринат Тұрарбекұлы Солтабаевқа айтар алғысымыз шексіз. Бұл жолғы жарысқа қатысуда аудандық спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев ерекше қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіреміз.

Аудан айнасының оқырмандарын қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз