Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

18 наурызда Көкпекті ауданының арнаулы әлеу-меттік қызметтер көрсету орталығында «Наурыз - думан» атты мерекелік сайыс өтті.

Аталған сайыстың негізгі мақсаты Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт–дәстүрін көрсетіп, оны құрметтей білуге тәрбиелеу болды. Қызмет алушы балалардың ата-аналары және қызмет алушы жалғыз басты қарттар қонақ ретінде шақырылып, олар мерекелік шараны көтеріңкі көңіл күймен тамашалады. Сайысқа әділ баға берер әділқазылар алқасы құрамындағы аудандық «Нұр Отан» филиалының төрағасының бірінші орынбасары, әділқазылар алқасының төрайымы Гүлбаран Ақшабаева, мәдениет үйінің әдіскері Клара Сәдуәқасова, аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сайраш Уйданова, директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Асқар Сүлейменов жарысқа қатысушы топтарға баға берді. Сайыс салт-дәстүр көрсету, бата беру, өнер көрсету және дастархан мәзірі сынды 4 кезеңнен тұрды. Орталықтың мамандары, әлеуметтік қызметкерлер мен тәрбиешілер төрт топқа бөлініп, өзара бір-бірімен сайысқа түсті. «Доброе сердце», «Көктем шуағы», «Шаңырақ», «Бәйшешек» деген атпен әр топ өз ұрандарын, таныстыруларын айтып болған соң, жарыс басталып та кетті. Бірінші болып «Бәйшешек» тобы өнер көрсетті. Олар салт-дәстүр бөлімінде «Шілдехана» рәсімдерін өте жоғарғы деңгейде көрсете білді. Одан кейін, «Доброе сердце» тобы «Бесікке салу» рәсімін көрсетсе, «Көктем шуағы» жас нәрестені қырқынан шығару дәстүрін, «Шаңырақ» тобы «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетті. Келесі са-йыстарда да топтар өздерінің жоғарғы деңгейде дайындалғандарын көрсетіп, көрермен көңілінен шыға білді. Сайыс соңында әділқазылар алқасы келесі бөлмеде дайындалған әр топтың дастархан мәзірімен танысып, қорытынды баға беруге көрермен залына қайта оралды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені жоғарғы деңгейдегі дайындықпен келген «Бәйшешек» тобы жеңіп алса, І орынды «Көктем шуағы» тобы иеленді. Ал, «Шаңырақ» тобына «Өнерлінің өрісі кең» атағы бұйырса, «Доброе сердце» тобы «Үздік салт-дәстүр» атағын алды. Мереке соңы «Наурыз – думанға» арнайы жайылған дастархан мәзіріне қонақтар мен қатысушыларды шақырып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татырумен аяқталды.

Әрбір мерекені назарларынан қалт жібермейтін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына өнерлеріңіз өрге жүзіп, жұмыстарыңыз жемісін беріп, көмекке мұқтаж жандарға көктем күнінің шуағындай болып жылуларыңызды шаша беріңіздер демекпіз.

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз