Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу және 3 нысанда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Барлығы 117,1 км жол жөндеумен қамтылады.Онын ішінде күрделі жөндеу 50 км, ал 64,4 км орташа жөндеу жұмыстары кіреді.

Жөндеу жұмыстарын Павлодар облысындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бөлімінде жұмыс істейтін “ҚАЖсервис” ЖШС ПОФ мердігер компаниясы жүзеге асырады.

 

Павлодар облысындағы «ҚазАвтоЖол» мамандары айтуы бойынша  «Атамекен-Аксу-Коктобе-Б. Акжар-г. Курчатов», км 195-216 (ұзындығы 21 км) автожолында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жол төсемдерін бөлшектеу және материалдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.Жөндеу жұмыстарына қажетті геотекстиль ,ТБИ, битум, фракциялық қиыршық тас , ұнтақтау қалдықтарынан құм жоспар бойынша  дайындалған.Бұл жұмыстарға «Павлодаржолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы жауапты.Жобаның жалпы құны - 8 206,8 млн. теңге.

Айта кетсек, 2023 жылы ұзындығы 17,287 км айналма жолды салу бойынша жұмыстар орындалды.

Павлодар облысында тағы бір күрделі жөндеу жұмыстары «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолында (100-105 км) жалғасып жатыр. Бұл 2 кезек. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, тростық қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың маусым айында нысан пайдалануға беріледі.

Ағымдағы жылы ұзындығы 64,4 км болатын 3 нысанға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.Бұл нысандар  "Павлодар-Щербакты-гр.РФ" км 0-6 (ұзындығы 5,4 км), "Гр. РФ (Омбыға) -Майқапшағай "228-240, 242-247, 249-255, 264-278 (ұзындығы 35 км)," Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский ". Нысандар Мемлекеттік тапсырмаға енгізілген, қазіргі уақытта Жол активтері сапасының ұлттық орталығының ведомстволық қорытындысы алынды. Аталған нысандар бойынша бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Биыл Ертіс өзені арқылы өткел ашатын үлкен көпір құрылысы басталады.

Ұлттық компанияның Павлодар облыстық филиалының бас директоры Ермұрат Нұрхановтың айтуынша қазір құрылыс алаңын дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Былтыр басталған бұл ірі стратегиялық маңызды жоба  жергілікті Казавтожол филиал тарапынан ерекше бақылауға алынған.

Айта кетсек, Павлодар облысына қарасты респбуликалық маңызы бар жолдың жалпы ұзындығы 1662 шақырым.

Мусинова Гульмира

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз