Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

8-10 наурыз аралығында әлемнің фристайл қауымдастығының назары Шымбұлақ тау курортында болды.

Спорттық уикенд көрермендерге үш күн керемет сайыстар сыйлады, онда әлемнің фристайл жұлдыздары өздерінің өнерлері мен шеберліктерін көрсетті.

 

8 наурыз күні «Могул» бағыты бойынша сайыстар өтті, онда жүлделі орындарды келесі спортшылар иеленді.

Ерлер:

1. Kingsbury Mikael (CAN)
2. Hiroshima Ikuma (JPN)
3. Graham Matt (AUS)

Әйелдер:

1. Anthony Jakara (AUS)
2. Macuga Alli (USA)
3. Soar Hannah (USA)

Сондай-ақ аталған бағыт бойынша мезгілдің қорытындысы бойынша спортшылар марапатталды. Жалпы есепте бірінші орынның және кіші хрусталь глобустың иегерлері Ikuma Horishima (JAP) және Anthony Jakara (AUS) болды.

9 наурыз күні «параллель могул» бағытында әлемнің үздік атлеттерінің нағыз тартысты сайысына куә болдық.

Отандасымыз Павел Колмаков үлкен финалға өтіп, сол жақта ғана атақты канадалық фристайлшы Микаэлю Кингсбериден артта қалып, Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды.

Ерлер:

1. Kingsbury Mikael (CAN)
2. Kolmakov Pavel (KAZ)
3. Wendler Landon (USA)

Әйелдер:

1. Anthony Jakara (AUS)
2. Kauf Jaelin (USA)
3. Giaccio Olivia (USA)

 10 наурыз – фристайл сайыстарының соңғы күнінде «шаңғы акробатикасы» бағыты бойынша жеңімпаздан іріктеу кезеңіндегі жүріп өтулердің қорытындысы бойынша анықталды. Оған ауа райының күрт құбылуы себеп болды (қатты тұман және спортшылардың секіруге мүмкіндіктерінің болмауы)

Іріктеудің қорытындысы бойынша:

Ерлер:

1. Qi Guangpu (CHN)
2. Wang Guochen (CHN)
3. Lillis Christopher (USA)

Әйелдер:
1. Thenault Marion (CAN)
2. Scott Danielle (AUS)
3. Kong Fanye (CHN)

Жалпы мезгілдің қорытындысы бойынша жалпы есепте шаңғы акробатикасы бағытында ерлер арасында Qi Guangpu(CHN), ал әйелдер арасында Danielle Scott (AUS) хрусталь глобустың иесі атанды. «Жылдың жаңа тұлғасы» атағын ерлер арасында Zhang Yifan (CHN), ал әйелдер арасында Tassia Taner (USA) иеленді. Ұлт кубогын АҚШ командасы жеңіп алды.

Сайыстарға 16 елдің халықаралық деңгейдегі 100-ден астам спортшысы қатысты. Қазақстанның атынан 15 спортшы шықты. «Могул/параллель могул» бағытында 10 атлет, «шаңғы акробатикасы» бағытында 5 атлет бақ сынады.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) өкілдері:

Рейс директор – Андреа Риналди (FIS)

Рейс директордың ассистенті – Конрад Ротермунд (FIS)

Техникалық делегат – Сангмок Ли (FIS)

Бас төреші могул – Марко Кланкар (Словения)

Бас төреші акробатика – Тина Танака (Жапония)

ttjk.info

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз