Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Көкпекті ауданы Самар ауылының орталық алаңы жөндеуден өтіп, онда данышпан ақынның ескерткіші орнатылды, биші субұрқақ ашылды. Орталық алаң бұдан былай Ұлы тұлғаның есімімен аталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

- Аудандағы ақсақалдар алқасымен кеңесе отырып, Самар ауылының орталық алаңына Абай атын беру туралы шешімге былтыр келгенбіз. Бүгін дана бабамыздың туған күні қарсаңында осы мақсатқа жеттік. Ескерткіштің ашылу салтанаты - өңіріміздегі тойлардың басы. Бұдан әрмен жастар арасындағы Абай оқуы жарысын, ертең халықаралық жігіт сұлтаны байқауын келіп тамашалаңыздар, - деді аудан әкімі Асхат Смаилов.

Самар ауылының әкімі Ахмет Күдербаевтың айтуынша, осы жобаға 59 миллион теңге қаражат жұмсалған екен. Соның 49 миллионы аудан әкімдігінің, ал 10 миллионы облыс әкімдігінің есебінен төртінші деңгейлі бюджет жобасының аясында бөлініпті.
Осы тұста тарқатып айта кету керек, төртінші деңгейлі бюджет жобасы аудан орталықтары мен елді мекендерді көріктендіру мақсатында қолға алынған болатын. Жоба аясында өңірімізде 100 елді мекен мен бірнеше орталық ауылдар абаттандырылатыны белгілі.

Самар төрінде салқын самалға маңдайын тосып, ой үстінде тұрған мынау данышпан ақынның мүсінін жерлес суретші, Суретшілер одағының мүшесі Әлібек Шоқанов мүсіндеген.

- Ескерткіштің өзін екі ай уақыт ішінде даярладық. Ал жалпы тұлғаны қалай мүсіндейтінімізді былтырдан бері ақылдаса келіп, Алматыдағы ескерткішті үлгі етіп алуды жөн санадық. Ырымшыл халықпыз ғой, ескерткіштің биіктігін тұғырымен қоса санағанда жеті метр қылдық, - деді автор.

Ұлы тұлғаның туған күні қарсаңындағы осынау игілікті шараға абайтанушы, шежіреші, дәстүрлі әншілер де келіп қатысты.
- Абай ескерткіші орнаған жерге қазақтың тілі, қазақтың тарихы, жан жылуы келеді. Бүгін Самар елінде рух тойы болып жатыр екен. Осы орайда сіздерге бір қызық ақпарат айта кетейін, еліміздегі физика-математика мектептерін бітірген жастардың басым көпшілігі Америкаға жұмыс істеуге кетеді екен. Бұл туралы жуықта академик Асқар Жұмаділдаев зор күйінішпен айтты. Бұл, сірә, "мал іздесең де, білім іздесең де, біреуге пайдам тисін деп ізде! Егер білім мен малды өзің үшін іздесең өзің үшін оттаған хайуаннан артық болмайсың" деп, данышпан ақынның өзі айтқандай, біздің, біздің жастарымыздың Абай мектебінен өтпегендігінен болса керек. Иә, біз мына заманда Толағайдай азаматтарға зәруміз. Елім деп елжірейтін жастар енді осы ауылдан өсіп шығарына сенемін, - деді абайтанушы Омар Жәлел.

Мерекелік шара әрмен қарай облыстық Абай оқулары сайысына ұласты. Тарбағатай ауданынан келген Олжас Серікбекұлы есімді мектеп оқушысы бәсеңдеу басталған бәйгеге көрермен тарапынан қиқу қосқызды.

"Қайғы шығар ілімнен,
Ыза шығар білімнен. 
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен".

Ақсуат ауылында жуықта ғана ашылған "Тамшы" атты балар театрының мүшесі мектеп көргенін дәлелдеп бағуда.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз