Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылында хәкім Абайдың ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында бүгін Самар ауылында биіктігі 7 метрге жететін ескерткіштің ашылуы өтті. Өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Асхат Сайдахметов ұлы тұлғаның Самар ауылына келуіне сүбелі үлес қосқан азаматтар еңбегін атай келе ескерткішті жасап бітуге екі ай уақыт кеткенін жеткізді.

 

Абайтанушы, ғалым Омар Жәлелдің айтуынша, ұлы ақынның ғибратты сөздерін ұдайы қайталап, біліп жүру - өскелең ұрпаққа, қалың жұртқа бағдаршам іспетті.
- Бізге шетелдерден кеңесші, серік іздеудің қажеті жоқ. Атамыздың әр сөзі тұнған философия. Ұлы Абайдың иделогиясы - біздің Темірқазығымыз. Осы орайда аудан тұрғандырының қуанышы молайып, жарқын сәттері көбейе түссін дегім келеді, - дейді ол.


Ескерткіш салтанатты түрде ашылған бойда қонақтарға шашу шашылып, жұрт естелік суретке түсе бастады. Ал Абай ескерткішінің авторы Әлібек Шоханов жауапты жұмысқа кірісерде үлкен ізденіс жасағанын тілге тиек етті.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

http://buqara.kz/post/shkoda_uly_akynnyn_eskertkishi_boy_koterdi

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз