Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ауданымызда жұмыс
сапарымен болып, оның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, сондай-ақ аудандағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Өңір басшысы Самар ауылында салынып жатқан Абай Құнанбаев атындағы алаңды аралап көрді. Алаңның ортасында қазақтың бас ақыны хакім Абайдың ескерткіші орналасқан, ал жанында үлкен субұрқақтың құрылысы басталған. Аудан әкімінің айтуынша, жобаның құны 59 миллион теңгені құрайды. Алаңдағы барлық құрылыс жұмыстары тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.
Облыс әкімі Даниал Ахметов құрылыс барысына риза болып, алаңның әдемі болатынын атап өтті. Ол аудан әкіміне Самар ауылын абаттандыруға қосымша қаражат қарастыруды тапсырды.
Бұдан әрі Даниал Ахметов Ж.Болғанбаев атындағы мектепке барып, мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, физика, химия және робототехника кабинеттерін аралап көрді.


Робототехника сыныбында болған облыс әкімі 3D-принтер, лазерлік қондырғылар және басқа да электроникаларды көріп көңілі толғандығын жеткізді.
- Олар үш миллион теңге грант алып, осы ақшаға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды, - деп атап өтті аймақ басшысы.- Ендігі міндет: бағдарламалау сыныбында балалар мұғалімнің басшылығымен бағдарламаны жазып, 3D-жобалау арқылы кез келген тапсырманы орындай алатын деңгейге жетуі. Облыстарда енгізілген роботтандыру және IT-технологиялар бағдарламасы біздің ауданда да жұмыс істеп тұрғанын көріп отырсыздар!», - деді аудан басшысы.
Айта кетейік, Самар ауылындағы Ж.Болғанбаев атындағы мектеп аудандағы ең ірі мектептердің бірі болып табылады. Онда 600-ден астам бала оқиды.
Самар ауылына барған соң, облыс басшысы Көкжайық ауылына ат басын тіреп, "Елім-ай-Көкпекті" АӨК-де болды. Кешен аттас ЖШС мен шаруа қожалығынан тұрады және асыл тұқымды, етті мал өсірумен және сатумен айналысады. Сонымен қатар, шаруашылықта қуатты бордақылау базасы бар. Ол үшін АӨК-де жоғары сапалы жемді өңдеу және өндіру бойынша жаңа техника іске қосылған.
Облыс басшысы "Агроэкспорт" бағдарламасы аясында 5000 бас ірі қара мал бордақылайтын жаңа алаң құрылысының барысымен танысты және еңбектеріне риза екендігін білдірді.
Шаруашылық басшысы Болат Бекбердиновтың айтуынша, биылғы жылдың 1 қарашасында жоба құрылысы аяқталғаннан кейін, халық үшін 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Бюджетке түсетін салық түсімдері ұлғаяды, ең бастысы, ішкі нарықтың экспортқа шығуын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнімді өндіру мен өткізу қолға алынады.
- Өткен жылы біз облыстың басқа аудандарының шаруашылықтарын қолдадық және оларға "Абердин Ангус" және "Қазақтың ақбас сиыры" тұқымды 500 жоғары дәрежелі асыл тұқымды бұқа тараттық. Қазір бізде облыс бойынша 150-ге жуық серіктес-шаруа қожалықтары бар, - деді Болат Миғражұлы.
Шаруашылық осы бағытта ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді және жыл сайын Көкпекті, Ұлан, Үржар, Қатонқарағай және ШҚО-ның басқа да аудандары мен ұсақ тауарлық шаруа қожалықтары үшін семинарлар өткізеді. Тәжірибе алмасудан басқа, "Елім-ай-Көкпекті" шаруашылығы одан әрі осындай шағын шаруашылықтарға өнімді өткізу, тасымалдау мәселелерін шешуде қолдау көрсетуді жоспарлап отыр, сондай-ақ ветеринарлық, селекциялық, зоотехникалық сүйемелдеуге кепілдік береді.
Қазір "Елім-ай-Көкпекті" АӨК Қытаймен мал шаруашылығын дамыту және ет өнімдерін одан әрі экспорттау үшін білім деңгейін арттыру бағытында тығыз қарым-қатынаста.
- Мұндай шаруашылықтар барлық жерлерде болуы керек. Болашақ осындай шаруалардың қолында. Қазақстан бойынша, дәлірек айтсақ, Шығыс Қазақстанда осындай ғылыми тұрғыдан жұмыс істейтін ірі шаруашылықтар көп болуы тиіс, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Облыс әкімі Даниял Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысы бойын-ша аудан орталықтарын және 100 ауыл-ды абаттандандыру аясында Аудан орталығы Көкпекті ауылының Мәңгілік ел алаңының жөндеу жұмыстарымен таныс-ты. Аудан әкімі Асхат Смаилов ауылдың тарихи орталығының абаттандыру жұмыстарымен таныстырып, атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын көрсетті. Орталық алаңда жазғы сахна, демалатын орындақтар қойылған. Аспалы гүлзарлар да қызылды-жасылды шешегі төгілген әр алуан гүл өсірілген. Су бұрқағы әуелете атқылаған әсем хауыз жанында үш киіз үй тігіліп, есіктерін айқара ашқан. Ортасында тұрған ақ ордаға Көкпекті ауданы тарихынан сыр шертетін мұражай экспонаттары қойылған. Мұражай қорын сақтаушы Клара Смаилова мен аудандық кітапхана директоры Айтжамал Ибраева жәдігерлер мен көрмені жинақтап, келушілерге таныстыруға сақадай сай тұрды.
Аудандық мәдениет үйінің сыртқы рампасында Денешынықтыру - сауықтыру кешені құрлысының таныстыруы болды. Бас мердігер «DK Proekt» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Мақсат Шәкіров құрылыс жобасымен таныстырды.
Аудан әкімі Асхат Смаилов ауданда жүргізіліп жатқан таза ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларының іске асырылуы туралы баяндады. Баяндамашыларды тыңдай келе Даниял Кенжетайұлы межеленген құрылыс жоспарларының мерзімінде орындалуы керек екенін нықтап тапсырды.
Көкпекті ауданында талай жылдан бері қордаланып қалған, кезекте тұрған 500 адамдай тұрғынға баспана беру мәселесі болатын. Осы орайда облыс әкімі өзі бастамашы болып 34 көпбалалы аз қамтылған отбасыға «Парыз» қоры үй сатып әперілгені кеше ғана болса, бүгінде тағы 13 адамға пәтер берілмек.
16 пәтерлік үйдің ашылу салтанатына келген облыс әкімін күткен ел зор қуанышпен қарсы алды. «Үй деген, баспана деген - бақыт, басында үйі бар адам бақытты. Сіздердің бақыттарыңызды бөлісе келе өзім де қуанып тұрмын. Заман өзгеріп келеді. Ауылдар абаттандырылып, жолдар жөнделіп жатыр, әлі де осы жұмыстарды жалғастыра береміз», - деген облыс әкімі әрбір үй алушыны құттықтап, пәтерлердің кілтін табыстады. Пәтер алғандардың ішінде 7 жас дәрігер, 1 көпбалалы отбасы, 2 мүмкіндігі шектеулі отбасы, 1 зейнеткер, 2 толық емес отбасы болды. Басына баспана алған «Алтын алқа» медалының иегері, көпбалалы ана Нүсіпова Кулбану апа 2011 жылдан бері баспана кезегінде тұрғанын айта келе «Бүгінгі қуанышымда шек жоқ. Маған осы пәтерді берген Асхат Сайдахметұлына, бүкіл облыстағы көпбалалы аналарды қолдап жатқан Сізге, Даниял Кенжнтайұлы, алғысым шексіз!», - деп жүрек жарды қуанышымен бөлісті.
Аудан кәсіпкерлерінің офистері мен кеңселерін біріктірген «Талап» бизнес орталығы кәсіпкерлерге таза кабинеттер мен бутиктерді жалға беретін заманауи орталық. Бизнес орталықтың бірінші қабатында қойылған Көкпекті ауданының ауылшаруашылық өнімдерін аралап көрген облыс әкімі нан-тоқаш өнімдеріне жоғары баға берді. Көкпекті аудандық кәсіпкерлер палатасының төрайымы Әлия Орынбекқызы Мұқашева әр кәсіпкердің өнімімен таныстырып, олардың жетістіктері жөнінде баяндап берді. Әлия Орынбекқызының айтуынша: «Кәсіпкерліктің дамуы – мемлекет экономикасының одан әрі дамуының бірден бір көзі екендігі айдан анық. Кез-келген елде кәсіпкерлік қызмет саласында туындайтын дауды реттейтін құрал болып нормативтік-құқықтық актілер табылады.
Еліміздегі конституциялық жағдайға сай «Әр тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ерікті, кез келген заңды түрдегі кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін өзінің мүлкін ерікті түрде қолдануға құқықты иемденген». Осы себептен мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еріктілігін және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуде кепілдік береді». Шәріптоғай ауылынан келген Сарымсақова Кенжетай апайдың көкөністері мен Рустам Мухамадиевтің «Алтай балы» өнімдері келушілерді тәнті етті. Сонымен қатар сүт өнімдерін көрсеткен «Толағай сүт», тігілген киім үлгілерін көрсеткен «Гранкина» жеке кәсікерлігінің нағыз Көкпектіде жасалған өнімдерін ұсынғандары назардан тыс қалған жоқ.
Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметімен танысқан облыс әкімі олардың электронды кезегін сынап көрмек болды. Алайда бұл қызмет түрін ХҚКО мамандары көрсете алмады. «Талап» бизнес орталығының жұмысымен танысқан облыс басшысы жергілікті биліктің кәсіпкерлерге жасаған жағдайларына оң бағасын беріп, меншік иесі Жұмабек Күшікпаевқа алғысын білдірілді.
Облыс әкімі «Көпбалалы аналарға берілген үйлерді тікелей өзім қарап, аралап шығамын», - деген уәдесіне орай Көкпекті ауылының тұрғыны көпбалалы аз қамтылған отбасы Альфия Гусейнованың да үйіне барып, шаңырағында болды. Шаңырақ қуанышын бөліскен облыс әкімі Даниял Ахметов пен аудан әкімі Асхат Смаиловқа алғыстарын айтқан отбасы қуаныш пен шаттықтың әуені күй атасы Құрманғазы Сағырбаевтың күйі «Балбырауынды» тамылжыта орындап берді. Орындаған халықаралық, республикалық жарыстарда жүлделі болып жүрген осы отбасының тұңғышы әзірбайжан қызы Ясмин Гусейнова болды.
- Мен көпбалалы отбасының анасы Альфия Гусейнова, өзім мұғалимамын. Бала тәрбиесімен айналысамын. Мемлекетіміздің мынандай қамқорлығы ұрпағымды алаңсыз Қазақстанның нағыз патриот азаматы етіп тәрбиелеуге жағдай туғызады. Маған баспана берген облыс, аудан әкімдеріне алғысымыз шексіз ақ жүректі әзербайжан қызы, көкпектілік ұстаз Альфия ана.
Бүгінгі күні медицина саласының алдында тұрған міндет қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Науқастарды профилактикалауды және басқаруды жетілдіру. Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру. Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру – осы міндеттердің Көкпекті аудандық ауруханасында орындалуы барысын тексерген облыс әкімі Көкпекті аудандық ауруханасының перзентхана бөлімшесінде болды. Мұнда ауданның бас дәрігер Әсем Төлеуғазықызы Рахымбаева бөлімшенің қызметтерімен таныстырды. Осы орайда облыс әкімі медициналық қызмет көрсетудің халықтың сұранысын толық өтеуі керектігін түсіндірді.
Аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде Көкпекті ауданының жұртшылығымен кездесіп, аудан активін өткізді. Жиналыс барысында аудан әкімі Көкпекті ауданының бүгінгі экономикалық-әлеуметтік ахуалы туралы баяндама жасады. Жиын соңында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қайрат Малғаждаров
Екатерина Скударнова

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз