Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Асхат Смаиловтың тапсырмасымен Көкпекті ауданы аумағында орналасқан тарихи-мәдени құндылығы бар ескерткіштер түгенделіп, тізімге алынуда. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандары мен өлкетанушы Қайрат Малгаждаров, ішкі саясат бөлімінің ақпараттық тобы Көкпекті, Биғаш, Тассай, Үлгілімалшы, Шұғылбай, Үлкенбөкен ауылдық округтерінде орналасқан киелі жерлер мен ескерткіштер тұрған аумақтарды аралады.

 

Мамандар Қаракезең асуын-да орналасқан Танаш бейіті қасындағы жиырмасыншы ға-сырдың басында алаш азаматы Хамит Тоқтамысов атылған қаралы орда, қуғын-сүргін құрбан-дарының қаза болған орнына тәу етіп, құран оқыды. Сапар басы осындай игі шарамен бас-талып Қаракезең-І, Қаракезең-ІІ таңбалы тастарының сақталуын тексеріп, ондағы жартастарға салынған 250 суретті қарап шықты. Биғаш ауылдық округінде орналасқан Бармақ батыр ке-сенесінің жай күйі тексеріліп, 2015 жылы қорғауға алуға берілген ұсынысты қайта ресімдеу қажеттілігі айтылды. Биғаш ауылдық округіндегі Апырым мазары, Ақбауыр жанды жайлауындағы сақ қорғандары, Сәлия балбал тасы, Қалыбай геоглифі мен Бүркіт шоқысындағы, Мыржықбай мен Байназардағы 86 оба тексеріліп өтті. Тассай ауылдық округіне қарасты Бөдес ата және Бес қорған сақ қорғандары назардан тыс қалған жоқ. Кегенбай би, Жомарт батырдың, Байел жазығындағы сақ қорғандарының құжаттарын ресімдеп қорғауға алу жұмыстары басталып кетті.
Тана мешіті елді мекенінің орны мен Шұғылбай сынтасының да есепке алынып, мемлекеттік қорғау міндетемесін жасау алдағы күндердің еншісінде қалды. Мұнан өзге Үлкенбөкен мәдениетінің соңғы жәдігері ана бейнесіндегі балбал тас та мектеп ауласында жалғызсырап қалғанын сапар барысында анықтадық. Тек қана Көкпекті аумағындағы 8 округте есепке алынбаған 118 оба,13 тақта таңбалы тастар,1 монументалды ескерткіш – Бармақ батыр ескерткіші, 10 ұлы Отан соғысы батырларына арналған обелиск-тер мен ескерткіш кешендер анықталды. Бұлар қараусыз емес екен. Жергілікті билік күтіп баптап қарап отырғанмен көбінің төлқұжаты ресімделмеген.
«Аудан көлеміндегі тарихи-мәдени құндылығы бар барлық жәдігерлерді түгегдеу жұмысы бұдан ары жалғасын тауып, түгелі рәсімделеді», - деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Отаршина.

Қайрат Бесбайыс

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз