Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыста мемлекеттік қызметкерлер арасында «Қазтест» жүйесі бо-йынша тестілеу жұмыстары өткізілуде.

Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізуді мақсат тұтқан бағдарлама мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау, мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру сияқты бағыттарды міндетке алған. «Қазтест» жүйесінің басты мақсаты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау және деңгей бойынша сертификаттау болып табылады. Аталмыш жүйе еуропалық білім беру стандарттарына сәйкестендірілген 5 деңгейден тұрады. Атап айтар болсақ, деңгейлер қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жетік деңгей болып бөлінеді.
Ағымдағы жылдың 6 маусым күні Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасында Қазтест жүйесінде тестілеу өткізілді. Жалпы есепте тестілеуге 75 мемлекеттік қызметкер қатысты. Оның 34 сертификаттық тестілеу тапсырса, 41 диагностикалық тестілеуге қатысты.
Қазтест жүйесі бойынша тестілеуден өту 2 кезеңнен тұрады. 1 кезең – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау (жалпы меңгеру), ал 2 кезең – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау. Екі кезең бойынша да тестілеу үш бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматика және оқылым. Жалпы тестті орындау үшін 2 сағат 30 минут бөлінеді, оның ішінде 10 минут жауап парағын толтыруға беріледі.
Аталмыш тестілеу Ұлттық тестілеу орталығының маманы мен «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының» директоры А.Ботабаеваның қатысуымен өткізілді. Тестілеу нәтижесі бір ай ішінде белгілі болады.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз