Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада аудандық Жастар орталығының маманы Ә.Артықбаев бастаған «Жасыл ел» жасағының бір топ жастары Көкпекті ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен ауыл маңындағы демалысқа таптырмайтын орын, Илья бұлағы аумағына тазалық жұмыстарын жасады.

 

 

Жаздың жанға жайлы жайдары күндерін салқын самалмен тыныстап, табиғат аясында өткізгенге не жетсін. Ал, сол жер арнайы демалыс орнына лайықталып жасалған болса тіпті керемет болары сөзсіз. Илья бұлағы жоғарыда айтқан сөздеріміздің таптырмас нұсқасы. Ұзақ жылдар бойы Ұлы Отан соғысының ардагері, марқұм Илья Бирюков сәні мен тазалығын бақылап, күтім жасаған аталмыш орында бас қосып, уақыт өткізгенді көпшілік ұнатып, ал көңілді демалыс сәттерін сыйлаған сол жерді қайтарда өздері шашқан қоқыстардан тазалап кетуді есінен шығаратыны өкінішті.
Осы мәселені назарға алған шараны ұйымдастырушылар кезекті басқосулардан кейін саябақ аумағында қоқыстар шашылып қалмас үшін өздері тазалаған жерді қазып, арнайы тақтайшалармен белгіленген қалдықтарды өртеуге арналған бөшкелерді орнатты. Осы тұста айта кетеріміз, аталмыш заттарды әлеуметтік желілерге берілген хабарландыру арқылы ауыл тұрғындары Б.Кулекенов пен А.Кенемолдина тегін берген.
Сонымен қатар, Көкпекті жастары ағаштарды әктеп, от жағуға арналған орындарды таспен қоршап, үстелдер мен орындықтарды сырлап қойды. Және қоршауды қалпына келтіріп, бояу жұмыстарын жүргізді.
- Өз жеріміздің тазалығы үшін біз жауаптымыз. Тұрғындардың барлығы әркез осы ойды жадында ұстайтын болса ғана ауылымыз гүлдене бермек. Алдағы уақытта ауылдастарымыз демалыс орнының тазалығын сақтап, оған туған жерге деген сүйіспеншілік сезіммен қарар болса, бүгін бастау алған жастардың игі ісін қолдағаны, оған қосқан үлестері сол болады деп білемін. Бізге көмек көрсетіп, қолдау танытқан адамдарға алғысымыз шексіз, - дейді Әлижан Артықбаев.
«Көкпекті жастары – таза ауыл үшін». Бұл сөздерді ұранына айналдырған олар тоқтамақ емес. Олай болса, алдағы уақытта да жалынды жастардың жағымды істерінің куәсі болайық.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз