Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл он екі айдың желтоқсаны келгенде үлкен-кішіміз әбігерге түсіп, небір түрлі-түсті жарқырауық моншақтарға оранған жасыл шыршаны, Аяз ата мен Қаршақызды күтеміз. Әсіресе, кішкене балалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың бұл мерекеге деген ықыласы ерекше.
Міне, осындай балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі Көкпекті аудандық әлеуметтік-оңалту орталығының тәрбиеленушілері үшін Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Мәдениет үйінің әртістері жаңажылдық ертеңгілікке жиналған балалардың көңілдерін көкке көтеріп, шаттық сыйлады. Көңілді әуен, әсем де биік шырша түрлі ертегілер кейіпкерлері мерекеге сән берді.


Бүгінде мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау үшін мақсатты бағыттағы түрлі жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Соның бірі деп осы жаңажылдық шырша аясында өткізіліп отырған шараны айтуға болады. Балаларға деп даярлаған мәдениет үйі қызметкерлерінің қызықты мерекелік бағдарламасы, ертегі кейіпкерлері әсем билерін билеп, өз өнерлерін сыйлады.
Шырша мерекесіне арнайы келген Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Қалдыбаев орталық ұжымы мен тәрбиеленушілерге құттықтау лебізін білдірді.
- Қымбатты балалар! Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Біздің елімізде Елбасының бастамасымен көптеген игілікті істер атқарылуда. Олардың басым бөлігі осы отырған сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалуда. Сіздердің білімді болуларыңыз үшін мектептер, жаңадан балабақшалар, денсаулықтарыңыз мықты болу үшін емдеу мекемелерін салу жұмыстары жаппай жүруде. Осы күні білім ошақтары жаңа заман талаптарына сәйкес құрал-жабдықтармен қамтылған. Сіздер осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, жақсы оқып, тәуелсіз мемлекетіміздің абыройлы, білімді азаматтары болады деп сенемін. Келе жатқан Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын! Сіздерге тек сәттілік, бақыт әкелсін, - деді.
Сонымен бірге, жаңажылдық ыстық лебізін Көкпекті ауылдық округі әкімінің м.а Н.Укешова да жолдап, орталыққа жаңажылдық сыйлығын тарту өтті.
Балалардың барлығы да қуанышты, дөңгеленіп би билеп, түрлі ойындарға қатысып, ән айтуда. Олардың барлығы жаңажылдық тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарға ие болды. Бұл шара - балғындарға арналған жаңажылдық мерекенің бастауы.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз