Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44 бабының 4 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамаларының негізінде Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Көкпекті ауданының селолық округтеріне әкімдерін сайлау бойынша келесі нәтижелерді бекітті: 

Тассай ауылдық округі бойынша:

1. Көкпекті ауданы бойынша сайлаушылардың жалпы саны– 13

2. Дауыс беруге қатысқан, сайлаушылардың саны – 10

 

3. Әкімдікке кандидаттар үшін берілген дауыстардың саны:

Мазыбаев Е.К. – 10;

Далелов Е.К. -0;

Темирханов С.К.-0.

4. Жарамсыз деп танылған, бюллетендердің саны – 0

5. Тассай ауылдық округі бойынша әкім болып 1981 жылы туған, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы РМҚК Шығыс Қазақстан облысы филиалы Зайсан аудандық бөлімшесінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының Зайсан қаласының тұрғыны Мазыбаев Ержан Құдайбердіұлы сайланды.

Үлгілімалшы ауылдық округі бойынша:

1. Көкпекті ауданы бойынша сайлаушылардың жалпы саны– 13

2. Дауыс беруге қатысқан, сайлаушылардың саны – 10

3. Әкімдікке кандидаттар үшін берілген дауыстардың саны:

Смагулов М.Н. – 10;

Анкебаев К.М. – 0;

Толешов Е.Т. -0.

4. Жарамсыз деп танылған, бюллетендердің саны – 0.

5. Үлгілімалшы ауылдық округі бойынша әкім болып 1987 жылы туған, Көкпекті ауданының кәсіпкерлік Палатасының консультанты, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының Көкпекті ауылының тұрғыны, Смағұлов Мерей Ниғметжанұлы сайланды.

Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Оразгалиева

 

Көкпекті аудандық аумақтық

Сайлау комиссиясының хатшысы М.Тажикова

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз