Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Ауданда бағаны негізсіз өсіруге жол бермеуді арнайы құрылған штабтың жұмыс тобы бақылап отырады. Халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобын қолдау бойынша азық – түлікке, тарифтер мен қызметтерге бағалардың негізсіз өсуіне мониторинг жүргізу және бақылау бойынша аудандық штаб құрылды. Аудан әкімі Р.Н.Сағандықов төрағалық ететін штаб құрамында аудандық қызмет өкілдері, құқыққорғау органдары мен сала мамандары қамтылған.
Ұлттық валютаның еркін ауытқуға көшуіне байланысты, әлеуметтік маңызы бар күнделікті халық тұтынатын азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған топ жұмысын бастап кетті. 24 тамыз күні өткізілген штаб отырысында сауда нүктелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, аудан көлеміндегі сауда орындарында күнделікті мониторинг жүргізу және пайда болған түйінді мәселелерді жедел шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.


- Теңгенің еркін айырбас бағамына көшуі жаһандық дағдарыстың салдарын азайтады. Әлемдік қысылтаяң шақта жергілікті тауар өндірушілерге артылар жүк ауыр. Кәсіпкер-лерімізге жаңа мүмкіндіктер беріледі. Бәсекеге қабілетті тауар өндіреді. Қай кезде болмасын, ынтымағы жарасқан елдің ырысы да мол. Елбасымыз жергілікті билік органдарына ең маңызды әлеуметтік салада, яғни, олар азық-түлік, күнделікті пайдаланатын өнімдерге бағаны көтермеуді, соған байланысты іс-шаралар жасауға тапсырмалар беріп, арнайы штаб құрып, осындай жұмыс істеліп жатыр. Ол да болса халықты ойлағаны, көрегендігі деп есептеуіміз керек. Біз бұл қиын жағдайдан бірлікпен ғана жеңімпаз болып шығамыз. Себебі, әрбір азаматтың елжандылығы әрқашан түпкілікті нәтижеге жетудің сара жолы болып қала бермек, - деп нақтылады Рамиль Нығметжанұлы.
Қазіргі күні аудандағы баға тұрақты сақталуда. Алғашқы бақылаудан соң штаб мүшесі Надежда Ушакова жағдайдың тұрақтылығына сенімді баға берді. - Азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын сауда орындарын бақылау барысында бағалардың күрт өсуі белгіленген жоқ. Халықтың дүрлігуі мен тауарлардың тапшылығы байқалмайды. Баға көрсеткіштерінің ауыстырылуы тіркеле қоймады. Жалпы, аудандағы баға жағдайы тұрақты деп бағалануда. Біз күнделікті мониторинг жүргізіп, бағаны бақылап отырмыз. Шұғыл шара қолдануға да әзірміз. Сондықтан да, алаңдауға негіз жоқ, - дейді Надежда Петровна.
Аудандық штабтың іс-шаралар жоспары да бекітіліп, жүзеге асыру мақсатында жауапты қызмет өкілдеріне тапсырмалар берілді. Негізгі тұтыну тауарларын сататын барлық 240 сауда нысандарымен әлеуметтік маңызды тауар бағасына үстемені 10 пайыздан асырмау туралы меморандумдар жасалған. Осы меморандумда белгіленген шарттардың қатаң сақталуы үнемі қадағалауда. Сонымен бірге, медициналық қызмет пен дәрі-дәрмектің бағасы да өзгеріссіз қалады. Алдағы уақытта жомарт күздің мол сыйын пайдаланып, ауқымды тұрақтандыру қорын жасақтау бойынша жұмыстар жанданады. Осы бағытта шаруа қожалық басшыларымен меморандумдар жасалуда. Шалғай ауылдарды да қамтитын күзгі жәрмеңкелер тұрғындардың көптен күткен шарасы екені де анық. Қысқа дайындықты нықтап алудың зор мүмкіндігі бола білген жәрмеңкелер дәстүр бойынша кең ауқымда өткізіледі. Бір сөзбен айтқанда, негізсіз баға өсуіне жол берілмейді.
Егер әлеуметтік маңызы бар 33 түрлі азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз көтерілгенін байқаған болсаңыз бірден мәлімет беріңіз. Бағаның қымбаттауы жайлы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің 2-12-47 нөміріне, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының қоғамдық қабылдауы 2-14-37 нөміріне немесе редакцияның 2-19-16 телефон нөміріне қоңырау шалып, хабарласа аласыздар!

Дархан БЕРДІБЕК

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз