Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Ақылдасу – мұсылмандық қасиет. Ақылдасу арқылы адамдар белгілі бір мәселеде пікір алмасып, дұрыс шешім қабылдау мақсатында өзгенің кеңесіне жүгінуін білдіреді. Ұлы Жаратушы Құран Кәрімде: «Олар үшін жарылқау тіле және істеріңді олармен ақылдас» («Әли Имран», 3-159) деу арқылы шешім қабылдамай тұрып, мұсылмандарға ақылдасып алу керектігін бұйырған.

 Салт-дәстүрдің де озығы мен тозығы бар екені белгілі. Заман ағымына орай, ертеден қалыптасып қалған салттарды жаңаша келбетте атқарғанның айыбы жоқ екені рас. Бүгін біздің әңгімемізге өзек еткелі отырған тақырыбымыз – ол дүниелік болған адамның отбасына ауыл-аймақ, туған-туыстарының қолдауы турасында болмақшы. Ең алдымен тұрғындардың көпшілігін толғандырып жүрген мәселе жайлы Көкпекті орталық мешітінің бас имамы Ерзат қажы Ахметханұлының пікірін білуді жөн көрдік. - Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хазірет Әбу Бәкір мен Омарға былай дейтін: «Егер сендер екеуің ақылдасып, ойларың бір жерден шығып, шешім қабылдасаңдар, мен сендерге қарсы болмаймын, қайта келісемін».

Мұсылман адам жеке басына қатысты істерді болсын, қоғамдық істерді болсын ақылдасып шешуге тиіс. Аудандағы елді мекендердің басым көпшілігінде мұсылман қауым басына қара жамылған үйге қолдан келген көмектерін аямайтыны рас. Алайда, осындай игілікті іс ұйымшылдықпен жасалса нұр үстіне нұр болар еді. Айтайын дегенім, сүйек шығарылып, ас берілген күні бірден қолдау жасаса. Осы салт Үлкенбөкендегі ауылдың салиқалы әжелерінің бастамасымен жақсы жолға қойылған екен. Бұл мәселе туралы ауылдағы 75 жастағы Бәкеш Жұмағұлова әжеймен ақылдасқанымыз дұрыс болар, - деді қажы.

Арнайы барып, береке-бірлігін басқа ауыл тұрғындарына үлгі ретінде көрсетпекке Үлкенбөкендегі ақсақалдар алқасының мүшесі Бәкеш әжемен тілдесіп, қарияны жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтап шықтық. –Шариғат бойынша бұрынғы уақытта үйден сүйек шығарғаннан кейін 3 күн өткенде 40-на дейін бата жасайтын. Ал қазіргі таңда заман талабына қарай, көптеген үйлерде дастархан жайып отыратын үлкен адамдардың болмауына, 7 күннен соң үй иелері жұмысқа шығып кетуіне байланысты біздің ауылда бірінші күні-ақ бүкіл ауыл тұрғындары танысын-танымасын шама-шарқына, туыстық қатынасына қарай қолдан келген көмегін ұсынады. Бұл үрдістің қалыптасқанына оншақты жылдан асты. Біріншіден, осылай істеген қайғылы жағдайдағы отбасына үлкен материалдық көмек болса, екінші жағынан қолайлы болып келеді. Ал үлгермегендер болса, тек жұма күндері кіріп шығады. Осы ауылдың үлкендерінің шешімін әр тұрғын бұлжытпауға тырысады, - дейді Бәкеш әжей дастархан басында өрілген әңгімесінде.

Әжейдің берекелі дастарханындағы тәтті уыз бен соғымның салқын етінен дәм татып, риза көңілмен аттандық. Міне, үлкенбөкендіктердің бір отбасындай болып ұйып отырғаны да осындай аузының дуасы бар қадірлі қариялардың арқасы деуге толық негіз бар. Айтпақ ойымызды аудан орталығында тұратын жамағат та қолдайтыны түсінікті. Өйткені, бүгінгі уақыт талабы мен тіршілік түйткілдері осыған әкеліп саяды. Алланың разылығы үшін Көкпекті ауылының барша мұсылман қауымы, әсіресе, берекелі батақор әйел адамдар осы жағдайға оң көзбен қарап, тым болмаса бір жетінің ішінде қаралы үйге қолдау көрсетіп, аруаққа құран бағыштатынына сенімдіміз.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз