Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осыдан сан жылдар бұрын елімізге қоныс аударылып келген талай ұлт өкілдері бүгінгі күні біздің аймақты да мекен етуде. Олардың тілі басқа болғанмен, тілегі бір, жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір. Осындай жандар арасында бір-бірімен көңілі жарасқан интернационалды отбасылар аз емес.

Сондай отбасылардың бірі Көкпекті ауданына қарасты Теректі ауылында тату-тәтті өмір сүруде. Отағасы Рамиль Ғабдрахманов татар ұлтынан болса, сол отбасының ұйтқысына айналған, бес бала дүниеге әкеліп, алтын құрсақ ана атанған Майгүл Мүбәрәкқызының ұлты қазақ. Рамиль мал шаруашылығымен айналысса, Майгүл мектепте музыка пәнінен сабақ береді. Тұңғыштары Зуфар бірінші сыныпта оқыса, Фатима мен Салауат шағын орталықта білім алуда. Ал Муслим мен кенже ұлдары Наилды ата-аналары жұмыста болған уақытта атасы қарайды. Отбасы мүшелерінің барлығы қазақ тілінде сөйлесіп, қазақтың салт-дәстүрін назардан тыс қалдырмайды. –Біз отбасымызбен қазақтың салт-дәстүрін ұстанамыз. Мен татар халқының да мерекелерін қалдырмай атап өткенді жөн санаймын. Барлық ұлттармен бір үйдің балаларындай бөліп-жармай араласып тұрамыз. Біздің отбасылық достарымыздың көпшілігі әр түрлі ұлт өкілдері. Осы күнге дейін жатсыну деген болған емес, - дейді Майгүл Ғабдрахманова.

Жұбайының сөзін қолдаған отағасы Рамиль: «Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының тең құқылы балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі» деп кешегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз еліміздің қарыштап дамуына бар күшімізді салуымыз қажет. Мұны өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыздың бойына сіңіруден де кенде емеспіз. Елбасы салған сара жолда еңбек етіп, жыл сайынғы Жолдаудың құндылығын ұғындырудамыз, - дей келе, «жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын, бейбітшілік ортаймасын» деген тілегін жеткізді.

Теректі ауылында бір шаңырақ астында бас қосқан түрлі ұлт өкілдері осылайша бақытты өмір сүруде. Олармен дидарласып, әңгімелесу барысында әрқайсының жүрегі қазақ деп, елім, жерім деп соғатынын байқадық. Тәубе! Бұл – біздің Тәуелсіздікпен бірге жеткен сыйымыз. Ендігі уақытта бұл құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз