Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіруші іргелі шаруашылықтың бірден-бірі, жетекшісі Е.Мәмбетов болып табылатын «Мәмбет» шаруа қожалығы. Есенбек Дәлелұлының жоғары азаматтық ұстанымы мен іскерлігінің арқасында күн сайын екі жүз шақырымнан артық жолды артқа сала отырып, ауданның барлық елді мекендеріне дерлік күнделікті қажет азық түрі, адам асының арқауы – нан жеткізіледі. Шаруашылық нан-тоқаш өнімдерінің 17 түрін пісіріп, оған барлығы 3 тоннадан артық ұн, оның ішінде жоғарғы, бірінші сұрыпты және қара бидай ұны жұмсалады. Күн сайын шалғайдағы ауылдар Сарыбел, Қарақол, Тассайға және басқа да елді мекендерге нан жеткізу үшін алты автокөлік тынымсыз сапарға шығады. Өткен аптадан бастап нан бірталай арзандады. Енді бірінші сұрыпты нан 45, ал екінші сұрыптысы 40 теңгеден болды.

Өткен аптада Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Әлия Мұқашева Есенбек Дәлелұлымен кездесіп, кәсіпорынның бүгінгі ахуалы, туындаған мәселелер мен алдағы күннің жоспарлары туралы әңгіме құрды.

- Біз еліміздің Ресеймен және басқа да шет елдермен достастық райда екенімізді, Үкіметтің қашанда өзіміздің мүддемізді қорғап, сақтап қалу үшін қолдан келгенді жасап отырғанын білеміз. Бұл біздің еліміздегі жалпы орын алып отырған жағдай. Ауданның нан өнімдерін саудалау нарығының аясы тарылып бара жатқаны, қазіргі күні нан өндірушілер қатары артып келеді. Бұл бір жағынан жақсы да, өзара бәсекелестік нан сапасының артуына, баға саясатына ықпал етеді. Алайда, бұл жерде бәсекелестік адал жүргізілсе ғана орын алады. Әр кәсіпкер өзінің бизнесінің кеңейе түскенін, кірісінің артқанын қалайды, бірақ ол үшін заңға қайшы әрекет етіп, барлығын белден басу деген жоқ болса. Өз өңірімізде, жерімізде өнім өндіре отырып біз мүддеміз бен құқымызды қорғауға міндеттіміз, - дейді Есенбек Дәлелұлы.

Әңгімені іліп әкеткен Ә.Мұқашева. - Өткен күзде негізгі азық-түлік пен оның ішінде нан бағасы жоғарыға қарай көтеріле бастағанда Есенбек Дәлелұлы аздаған өнім өндірушілердің қатарында ең алдымен Меморандум жасап, нан бағасын тұрақты ұстап тұруға қол қойған болатын. Бағаны тұрақты ұстап тұрудың маңыздылығын түсінген ол біздің ауданның ауылдарына зор шығын шеккеніне қарамастан, өнімдерін арзан  бағамен жеткізіп отыр. Енді кәсіпкер нағыз патриоттықтың үлгісін көрсетіп, нан бағасын тағы да төмендетті. Біз шаруашылықтың өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлер сауда үстемесін 2 теңгеден асырмайды деп үміттенеміз, - деді Әлия Орынбекқызы.

Есенбек Дәлелұлы және Әлия Орынбекқызы – кәсіпкерлікпен ұзақ жылдар айналысып келеді, тәжірибелері мол. Олар   нарық алаңында тек қана мықтылар, әлеуеті күштілер ғана емес, болашақты болжай білетін, жаңашыл кәсіпкерлер қалатынын жақсы түсінеді.  

- Кәсіпкерлік бөлімінің қазіргі ұстанымы түсініксіздеу болып отыр. Бұрын олар ауданның шалғай ауылдарын нанмен қамтамасыз ету мәселесін шешуді өтініп менің кабинетімнен шықпайтын еді. Ал енді, ашығын айтсақ, менің ұсынысым аяқасты болып отыр. Бұл жерде әңгіме нан өндіруші ретінде менімен, оны сатушы сауда нүктелерінің арасындағы байланысты орнату туралы болып отыр,-дейді Есенбек Дәлелұлы. - Мен біздің арамызда орын алған бұл әңгіме іскерлік байланысты нығайта түседі, нарықтың дамуына оң ықпал етеді деп сенемін. Осындай бастамалар орынсыз ба, әлде уақытсыз уақытта көтеріліп отыр ма? – дейді ол. - Көкпекті өңіріне нан жеткізбегеннен мен ешқандай ұтылмаймын. Бізде жаңа, заманауи қондырғылар бар, біз түрлі кондитерлік өнімдер өндіруге кірісеміз, ол өнімдер де тұтынушы тарапынан сұранысқа ие болатынына күмән тудырмайды. Қашанда тығырықтан шығуға болады. Бірақ, бұл жерде күнделікті тұтынуға қажет нанның бағасына әсер етіп, халық зардап шегері белгілі.

Қазіргі күні аудандағы бірде-бір наубайхана «Мәмбет» шаруа қожалығының нан зауытымен бәсекелес бола алмайды. Тек осы зауытта ғана барлығы санпиннің талаптарына сай, ыстық-суық суы бар, жұмысшылар жуынатын бөлме де бар. Наубайшыларға түстік ас беріледі, нан арнайы техникамен тасымалданады. Жуықта «мәмбеттіктер» жармалар мен ұнды қораптауды, қатты қалаш шығаруды бастайды. 

Әңгіме барысында филиал директоры мен шаруашылық басшысы кәсіпкерлердің басын қосу, мүдделерін бір арнаға тоғыстыру, олардың кәсіби мерекесінің жоқтығы туралы әңгіме өрбітті. Бұл сауалдарға жауап ретінде Әлия Орымбекқызы аудан кәсіпкерлерінің семинарын өткізуді, ол жиында туындаған мәселереді талқылау, пікір алмасу, бизнес-іскерлік келісімдер жасауды талқылайтын болады. Есенбек Далелұлы өздері өндіретін өнімді өткізуге келісіп, іскерлік байланыс орнатушыларға бонус беретінін айтты. Бір сөзбен айтқанда, семинарда қызықты пікірталас пен тосын жағдайлар орын алатынын сөзсіз.

Кәсіпкерлік Палатасы күн өткен сайын аудан кәсіпкерлерінің жұмысы барысында туындаған жағдайларға араласып, оларды шешуде батыл қадамдар жасауға кіріскен. Кәсіпкерлердің мүддесі мен құқықтарын қорғауда сырт қалмайды.  

Ал біз аудан тұрғындарын жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға шақырамыз. Есенбек Дәлелұлының кәсіпорны шығаратын  өнімді таңдаңыздар! Ол өнімдер сапалы, экологиялық жағынан таза, барлық санитарлық қалыптар сақтала отырып жасалады. Ең бастысы, олар қарапайым тұтынушылардың қамын ойлайды. 

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз