Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мақала кейіпкері Парзана Жақыпбекқызы Ахмерова екі ұл, төрт қыз, тәрбиелеп өсірген. Бүгінгі таңда екі ұл, төрт қыздан өрбіген 12 немере, 13 шөбересінің қызығына бөленіп, бақытты ғұмыр кешіп отырған тыл еңбеккері 2 топтағы мүгедек. Қазіргі таңда бұл берілген мүгедектікті ҰОС-ның 2 топтағы мүгедектерімен бірге теңестірді.

– Әңгіменің әлқиссасын туған жер, отбасынан бастасақ, әже...

- 1925 жылы Көкпекті ауылында дүниеге келдім. Отағасы, еңбек ардагері – Талқа Қасенұлы Ахмеров та соғыс ардагері. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылы соғыстан жаралы болып елге оралады. Шалымыз екеуіміз 47 жыл отастық, 1977 жылы жүрек талмасынан қайтыс болды. Екі ұл, төрт қыз, тәрбиелеп өсірдік. Бақытым – балаларым бәрі өз алдарына үйлі-баранды, немерелерім таяныш-сүйенішім. Осылардың күлкісін естіп отырсам арманым жоқ, - деді.

.- Қанша жастан еңбекке араластыңыз?

— Соғыс басталған жылы 16 жаста болатынмын. 16 жастан Рудник шахтасында, қара жұмысқа араласуыма тура келді. Соғыс балаларды балалықтың бал дәуренімен ерте қоштасып, тез есеюге мәжбүр етті. 1950-1960 жылдар (бұрынғы) Карл Марс колхозындағы балабақшада тәрбиеші болып, ал 1960-1975 жылдарда сатушы болып жұмыс істеп, 1975 жылы көп балалы ана деген жеңілдікпен зейнеткерлікке шықтым.,

-Тылдағы еңбек туралы айтсаңыз.

- Мектепте оқитын ересек балаларға дейін Ұлы Жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етті. Біздің балалық шағымыз ауыр еңбекпен, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен өтті. Ал оның көп балалардың денсаулығына тигізген кері әсері аз болған жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерлігі ерекше ғой. Олар қандай жоғары құрметке де лайықты. Қазір соғысқа қатысқандар да, тылда ауыр жұмыс атқарғандар да тым азайып қалды ғой. Сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толса да, оның салған жарасы жүректерінде қалған, әкелерін, бауырларын қан майданға аттандырып, өздері бозбала, бойжеткен шақтарын тылдағы ауыр еңбекпен өткізген аға буын өкілдерінің бірқатары арамызда жүр. Олардың есею кезеңдері ел басына түскен ауыртпалықпен тұспа - тұс келіп, буындары бекіп, омыртқалары қатпаса да бар қиындықты үлкендермен бірге бөлісіп, майдан шебіне азық-түлік жөнелтуде, киім-кешек дайындауда қолдан келген көмектерін аямады. Соғыс зардабына жететін зардап жоқ шығар. Аш құрсақ болғанымыз да рас, жалаңаш болғанымыз да өтірік емес. Елдегі адамдар ондай-ондай қарын аштығына рухани тоқшылықты, киімнің жыртығына мақсат бүтіндігін қарсы қоя білді.. Ендігі жерде жамандық көргім келмейді, бұйырса немерелерімнің, шөберелерімнің қызығын көргім келеді.

— Жеңіс туралы әңгімелеп берсеңіз.

— Бүгінде, тылда еңбек еткендердің мәртебесі Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлермен теңестіріліп отыр. Жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бүкіл халқымыз жеңіс үшін қажеттің бәрін істеді. Майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекеті сол ұлы Жеңісті әкелді де. Сол бір жылдардың ізі өшкен жоқ ел көкейінен, соғыс өртінің шарпуы тимеген шаңырақ бар ма екен, сірә? «Майдан», «тыл» деген жай аты ғана. Әйтпесе, бірі мылтықты, бірі мылтықсыз – екеуі де жанкешті шайқас болатын. Шынында да, оқтың азабынан жоқтың азабы кем соқпаған тұстары да аз болмайтын. Жеңіс – бұл қайтпас қайсарлықтың, ержүректік пен бүкіл халықтың майдандағы және тылдағы жаппай ерлігінің нәтижесі. Жеңіс күнін біз көзімізге жас алып қарсы алдық, деді.

- Рахмет, апа, енді көктемнің алғашқы меркесі де жақындап қалды,ең алдымен сізді 8 наурыз мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймын, мереке қарсаңында әйел қауымына тілегіңіз қандай?

- 8 Наурыз арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойына ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарларыңнан әрдайым нұр шашып, жүздерің күндей күлімдеп, көңілдерің көктемдей көрікті болсын. Аспанымыз ашық заманымыз тыныш болғанын тілеймін. Ешкімге жаман сөз айтқан  жоқпын, ешкімнен жамандық көргенім жоқ. Ризамын, халықтың тілегін тілеймін, жастар аман болсын.

Әжей келелі әңгімелесудің соңында ел амандығын  әр шаңыраққа тарқамайтын шаттық тіледі. Ұрпағымен бақытты отбасына біз де, татулық пен тыныштықтың тұғырынан таймауын тілеп қайттық.

Әңгімелескен: Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз