Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада аудан әкімі Д.М.Мусин Көкпекті ауылында тұрғындарды толғандырып жүрген әр түрлі мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Халық тарапынан қолжетімді баспана мен әлеуметтік қорғау мәселелерінің өзектілігі байқалды. Аудан әкімі осы мәселелерді қарайтын ТҮКШ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларына тапсырмалар берді.

Аудандағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру мәселесі тек аудан жастарын ғана емес, облыс жастарын да толғандырып отыр. Жақында бізге Жарма ауданынан келген заң саласында жоғары білім алған жас маман Самар ауылында жұмыс істеуге ықылас білдіріп, аудан әкімінің оң шешімін алды. Оның медицина саласында білім алған зайыбы да жұмысқа орналасатын болады.

Халық игілігі үшін маңызды және өзекті бастамасымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының арқасында, ауданда жолаушыларды тасымалдау ісін қолға алып, табысты жүзеге асырып жүрген Самар ауылының жас кәсіпкері А.Рүстемов аудан әкіміне жүгінді. Енді, жігерлі кәсіпкер аталған саланы кеңейтіп, Самар ауылынан таксопарк ашуға әрекеттеніп отыр. Аталған ауылда осы іске қолайлы бос ғимарат бар, бірақ, оны кәсіпкердің іске қосып, керегіне жарату үші керекті құжаттар мәселесі шешілуі қажет. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалдау бөлімінің басшысы Р.Бектасовқа Самар ауылдық округ әкімшілік аппаратымен бірігіп ойластыруды тапсырды. Дүйсенғазы Мағауяұлы келешекте аудандағы маршрутты тасымалдауды дамыту ісін субсидиялау 2015 жылға жоспарланғанын және А.Рүстемовке осы мәселе бойынша барлық жағынан қолдау көрсетіп, бұл мәселе келер жылы толықтай шешілетініне тоқталды.

- Осындай игі бастамалар жастар арасынан шығып жатса, біз қолдауға әрқашан дайынбыз, – деді аудан әкімі. –Ең бастысы бұл жоспарлардың жүзеге асырылуы ғана емес, тұрғындарға тигізетін пайдасы.

Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз