Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздігім – азаттығым, бақ күнім» атты тәрбие сағаты ауылдық кітапханада өтті. Кітапханашы Республикамыздың дамуы мен қалыптасу тарихымен таныстырып, «Тәуелсіздік тұғыры» кітап көрмесімен таныстырды. Бұл тәрбие сағатына Абай атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Кенжибаев Ернұр, 4-сынып оқушылары Нұрахман Қымбат, Кенжибай Мадина, Кабир Диляра, 2-сынып оқушысы Нұрахман Алуа белсенді қатысты. Шара аясында Абай атындағы орта мектебінің оқушылары өнер көрсетті. Оқушылар шарада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған өлеңдерін оқып, жыр шумақтарын арнады. Кітапханашы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы оқиғалардың қатысушылары туралы әңгімеледі. Тәрбие шарасында қатысушы оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салып, естелік суретке түсті.

Ж. Маулханова, кітапханашы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз