Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Отан соғысы аяқталып, арада қаншама жылдар зымырап өткенмен оның салған жарасы талай жүрекке түскен дақ боп қалды. Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген жандар қаншама. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда қара жұмысқа жегілген жанның бірі – Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны Бейсенбаева Социал әже.

 -Соғыс басталған кезде мен небәрі 7 жаста ғана едім. Нақтырақ айтсам, мен 1934 жылдың 1 маусымда Бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Жамбыл ауылы,Толағай совхозында дүниеге келген екенмін.Соғыстың алғашқы жылы кім-кімге болмасын жеңіл тиген жоқ. Елдің  еңсесі қатты түсіп кетті. Бас көтерер деген азаматтарымыздың барлығы дерлік соғысқа аттанды. Ауылда бала-шаға, кемпір-шал, келіншектер ғана қалды. «Толағай» колхозынан Балажалдағы мектепке дейін жаяу қатынасып оқитынбыз. Сабаққа барамыз, одан кейінгі уақытта колхоздың жұмысына араласамыз. Шешемізге қолғабыс етіп, солдаттарға жүннен жіп иіріп, жылы қолғап, шұлық тоқып береміз. Істемеген жұмысымыз жоқ.   «Екі қолға бір көсеу»,- дегендей, әр түрлі жұмыс атқардық. Мәселен, шөпті шөмелелеп, фермада сиыр сауып жәрдемдестік.

  Олардың еңбектерін ерлікке бағаламаса болмайды. Толағай совхозынан кейін 1965 жылға дейін Көкпектіде тұрып, отбасы жағдайына байланысты 1965-1975 жылдар аралығында Шұбартауға қоныс аударған. Өмір бойы қара жұмыс істеген, кірпіш құйып, үй сылаған. Кейіннен 1975 жылы Ұзынбұлақ совхозына көшіп келеді.Қазіргі таңда 4 ұл (біреуі қайтыс болды), 2 қыз тәрбиелеп өсіріп жеткізген кейуана. Сексен жасқа тақап қалған Сәкіш (Ұзынбұлақтың тұрғындары апамызды еркелетіп «Сәкіш» деп атайды) апамыз әлі де тың көрінеді. Жүзінен жылылықтың лебі байқалады.-Қазіргі ұрпақ бақытты, ешқандайда қиыншылық көрмей өсіп келеді. Олар осы бейбіт заманның қадірін түсінсе екен. Елімізге амандық, әрбір шаңыраққа бақ-береке, зор денсаулық әрі ырыс тілеймін. Ауылға сыйлы қариямыз мектеп жабылып, ауылдың құлазып бара жатқанын көріп жүрегі ауыратынындығын да жеткізді.

«Есік алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда қарт болса, жазулы хатпен тең»,-деген нақыл сөз текке айтылмаса керек. Біздің жарқын болашағымыз үшін тағдыр тауқыметін арқалаған жандар қазіргі таңда саусақпен санарлықтай аз қалды.Көне көз қарияларымызды құрметтеп, сыйлай білейік! Кәріге құрмет, жасқа міндет. Сондықтан да соғыс және тыл ардагерлерін ардақтау – үлкеніміздің де, кішіміздің де парызымыз.

Сандуғаш ҚАЖЫОМАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз