Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қай елдің болмасын басты капиталы оның халқы, оның ішінде жастары болып табылады. Сондықтан 1999 жылдың 17 желтоқсанында  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 12 тамыз – Халықаралық жастар күні деп бекітті. Ең алғашқы жастар күні 2000 жылдың 12 тамызында атап өтілді.

Осындай мақсатта 2014 жылдың 12 тамызында Көкпекті ауданының жастар орталығы  «Мәңгілік елдің жастары»  атты халықаралық жастар күнін атап өтті.  Жастар күні жұмыссыз жүрген жастарға арналған бос  орындар жәрмеңкесімен басталды. Аталмыш жәрмеңкеге  Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің, Жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының, оңалту орталығының, Көкпекті ауданының кәсіпкерлерді қолдау орталығының, № 2 медбірлестіктің, білім беру бөлімінің және «ДАМУ» кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары қатысты. Жұмыссыз жастарға кеңес беріп және жұмысқа орналасуға ниет білдірген 36 жастың 17-і жұмысқа орналасуға жолдама алды,  12 жас өз кәсібін ашуға бизнес жоспарлармен танысты. Қалған жастар жұмысқа орналасуға нұсқаулар алды.

Жастар күнінің кешкі мезгілі жастарға арналған мәдени мерекелік кешімен жалғасты. Мерекелік кешке Өскемен қаласынан арнайы диджей және Көкжайық ауылынан келген  «Менің сүйікті командам» КВН командасы аудан жастарын  қуанта білді. Мерекелік кеште көңілді ойындар жастардың көңілінен шықты. Мерекелік кеште белсенділік танытқан жастар бағалы сыйлықтармен марапатталып, мерекелік шара би кешімен жалғасты.

 А.РАХИМБАЕВ, «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ» КММ МАМАНЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз