Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Міне, сұрапыл соғыстың шырмауынан шығып, арқамызды кеңге салып, бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымызға келесі жылы 70 жыл толады. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Миллиондаған бауырластарымыз, ата-әжелеріміз бейбіт күн үшін, Отаны үшін от кешті.Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні талмастан, қажырлы еңбек етті. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ге дейін ұзартқан. Әрбір адам 2-3 адамның істейтін ісін атқарып, маңдай терлерімен Отан соғысының тарихын жазып жатты.

Қазіргі таңда санаулы қалған ардагерлеріміз, тылда жұмыс жасаған ата-әжелерімізге құрмет көрсету кейінгі ұрпақтың азаматтық борышы.Осы орайда Көкжота ауылында тұратын тыл ардагері Әшкенов Нұрлыбек ақсақалменжүздесіп, әңгіме-дүкен құрған едік. Ол кісі он атадан бері осы Самар ауданы Бастаушы округіне қарайтын Көкжота ауылын мекендеп келе жатқан төл тумасы екен. Еңбектің ыстығы мен суығына әбден шыңдалған қария бізді аулада көтеріңкі көңілмен қарсы алды. Әр тасы мен әрбір тал жусаны жанына жақын атамекенінде бұтақ жайған алып бәйтеректей өсіп-өркендеген отбасының ұйытқысы болып жүрген Айшекер әжеміз де әлі тың көрінеді. 5 ұл 2 қыз тәрбиелеп өсірген тылдың қос ардагері бүгінде жаз кезінде немере-шөберелерін қызықтап, азын-аулақ ұсақ малын өздері қарап ауылда тұрып жатыр. Балалары Астана, Қостанай, Өскемен қалаларында түрлі салаларда қызмет істеуде. Нұрлыбек ата кезінде Большенарымдағы «Свинчатка»техникумында бір жыл оқып, кең профильді механик мамандығын алған. Соғыстан кейінгі жылдары механизатор, шопан болып еңбек істеген ол коммунистік партия қатарында болыпты.

Нұрлыбек қариясұрапыл соғыс жылдарының ауыр жағдайы және соғыстан кейінгі өмір жайында әңгімеледі. «Сол қиын кезеңде мен бар-жоғы 5 жаста едім. Қолымнан ауыр жұмыс істеу келмейтін. Тек жер жыртқанда аттың, өгіздің үстіне отырғызып қояды, соны айдап жүремін. Кішкентай болғасын ұйқым келіп, ұйықтап, кейде құлап та қаламын. Әйелдер қайтадан мінгізіп қояды. Әрине, қарнымыз ашып, жылап жүріп үлкендерге еріп жұмыс атқардық. Қазір ойлап қарасам, балалықтың не екенін білмей өсіппін ғой. Бірақ, мен бұныма өкінбеймін, қаншама қиындық көрсем де мен өмірімді Отаныма арнадым деп жұбатамын. Бүгінгі жастарға жарқын болашақ сыйлағандар қатарында болғаныма қуанамын. Қазір жастар өте ақылды. Адамгершілігі мол, жауапкершілігі бар. Ал, дұрыс бағдар беру аға буынға жүктелген. Сондықтан, мен қазіргі жастардың беталысын, көзқарасын қолдаймын».

Балалық шағын сұрапыл соғысқа ұрлатқан қариямыз марапаттардан құралақан емес көрінеді. Жаратылысынан қарапайым жан бұл туралы мақтануды артық санайды. Оның медальдарының көбін немерелері атасына еліктеп кеудесіне тағып,қызық көріп ойнайтын. Сөйтіп, көпшілігі жоғалыпта қалған екен. Ел игілігі үшін ерінбей еңбек еткен ақсақал тың игерудегі еңбегі, 5 жылдық жоспарларды орындауға қосқан үлесі, Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдары, «Еңбек озаты» медалі, тағы сол сияқты көптеген марапаттардың иегері. Айшекер әжеміз де тыл ардагері.  Өмірлік қосағы екеуі түйдей құрдас. Сондықтан, олардың балалық шақта көрген қиындықтары да ұқсас. Көп балалы ана ретінде төсіне «Күміс алқа» таққан әжей  зейнеткерлікке шыққанға дейін бос отырмай, сатушы, мектепте еден жуушы болып қызмет істепті. Шынында, ең соңғы демін «Қарғыс атқыр соғыс бітсінші» деген тілекпен алған тыл жұмыскерлерінің жеңіске жетер жолдағы үлестерін сөзбен жеткізу әсте, мүмкін емес.Қариялар бүгінгі күніне тәубе етеді.  Осындай бақытты заманды көргендерінериза екенін айтады. Бұдан былай ұрпақтарымыз біздің басымыздан өткен қиыншылықтарды көрмесін, аспанымыз әрқашан ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген ақ тілектерін жеткізді.Ауылдастары арасында сыйлы қарияларды бір алаңдататыны бүгінде ауылда жастардың азайып, соған орай, мектепте оқитын бала санының да төмендеп бара жатқаны.

Бір қызығы, осылайша өзі көрген қиыншылықтарды тізбектеп айтқан ақсақал жүзінен қуаныш лебі байқалды. Әрине, бұл - өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлағаны үшін мақтанышы болса керек. Біз де Нұрлыбек ата мен Айшекер әжеге мықты денсаулық, ұзақ өмір және әлі де жыл сайын Ұлы Жеңіс мерекесін атап ете берулеріңізге тілектеспіз демекпіз.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз