Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен 1999 жылдың 17 желтоқсанында белгіленді. Атаулы күнді белгілеу туралы ұсыныс 1998 жылы 8-12 тамыз аралығында Лиссабонда өткен жастар мәселесі жөніндегі Бүкіләлемдік министрлер конференциясында жасалды.Халықаралық жастар күні салтанатты түрде тұңғыш рет 2000 жылдың 12 тамызында атап өтілді.

Бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымының бекітуімен дүниежүзі бойынша жастар жөніндегі бағдарламаларды таратуға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламада білім-ғылыммен қамтамсыз ету, жұмысқа тұрғызу, кедейлікпен күрес, денсаулық сақтау, қоршаған орта, есірткі тасымалдау мәселелері қамтылған. Жастар – өзгерістерге тез бейімделетін, жаңа білімді жеңіл меңгеретін қоғамның ең белсенді және ұтқыр бөлігі. Әр мемлекет Халықаралық жастар күнінен басқа өз еліне ғана тән Жастар күнін белгілеген.  Біздің елімізде  12 тамызда аталады.

 Біздің ауданда белсенді жастар баршылық. Олар түрлі салада жұмыс істейді. Еліміздегі жастарға арналған басты бағдарлама «Дипломмен ауылға» талай жастың жолын ашты. Біз олар туралы жазып та жүрміз. Жастар мерекесіне орай біздің кейіпкерлеріміз қатардағы қарапайым жұмысшыларға арналды. Олардың бірі В.Виничуктың автожуу және дөңгелек жөндеу орнында жұмыс істейтін Бақытжан Ғаппасов. –Мен мамандығым бойынша – механикпін. Бұл жерде жұмыс істегеніме бір жылдан асты. Техникаға бала кезден жуық болғандықтан, жұмысым өзіме ұнайды,-дейді Бақытжан. Жұмысына тыңғылықты жігіт небары 22 жаста. Мұнда келушілер де ол атқарған істі әлдеқашан жақсыға бағалаған. Сондықтан да тұрақты келушілер қалыптасқан. Бұл жердің иелері де Бақытжанды мақтайды. Мен қарапайым ғана жұмысшымын, бірақ менің жұмысым халыққа аса қажет. Сондықтан да оларға пайдам тигеніне қуанамын дейді ол.

 Ал Наилдың жұмысқа араласқанына көп болған. Ол тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде-ақ әкесі Р.Беспаевтың техникалық байқау орталығына келіп жүрді. Ол бұл жердегі барлық жұмысты жақсы біледі. Есепші Ү.Баубатаеваның айтуынша шағын ұжымда бес адам жұмыс істесе соның төртеуі жас мамандар. Н.Митрофанова, В.Зезев, Н.Беспаев кез келген техниканың ақауын анықтап, оны техникалық байқаудан өткізуді әбден меңгеріп алған. «Автокөліктердің жолда сынып қалмауы, ақау салдарынан апатқа ұшырамауы біздің жұмысты жауапкершілікпен атқарып, келушілердің көліктерінің тоқтауысз жүруіне рұқсат беруімізге тікелей байланысты»,-дейді олар.

 Қарапайым ғана мамандық болса да, жауапкершілігі зор жұмыс. Наил биыл мектепті аяқтап, Алматы қаласындағы ұшқыштар академиясына оқуға түскен. Ол осы жердегі көңіліме тоқығаным өмірлік қажетіме жарайды дегенді сеніммен айтады.

 Ел болашағы – жастар. Ендеше, олардың қай салада болмасын өз орындарын тауып, халыққа, өзіне пайда келтіргені жақсы-ақ. Жастар қазір бос жүргеннен қандай да болмасын іспен шұғылданғанды артық санайды. Біз олардың соны түсінгендеріне қуанамыз. Біз әңгімелеген екі жігіт солардың жарқын бейнесі. Мерекелерің құтты болсын, жастар, жастық жалынмен жарқылдай беріңдер!

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз