Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Өрт үлкен материалдық шығын әкеліп, кейбір жағдайларда адам өліміне де себепші болады. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Аудан әкімі өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын күшейту туралы округ әкімшілігімен, төтенше жағдай жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары  Р.Бектасовқа ауылдық округ әкімдері аппараттарының өрт жағдайына даярлығы бойынша оқу-жаттығу өткізуді тапсырды.  Тамыздың 2 күні әкімшілік ғимаратында өрт қауіпсіздігі шараларының алдын алуға байланысты бұл шара өтті. Аталмыш оқуға ТЖ жөніндегі бас маман Қ.Әңкебаев, ТЖБ басшысы Қ.Сләмбеков, Көкпекті ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ.Мұқышев және тағы басқа мамандар қатысты.

Өрт - адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін апат. Олар жауапкершілікті әкімшілікке артып отыр, бірақ та әкімшілік оған жауап қатпауда. Заң бойынша әрбір шаруа қожалығы өз жерін өрттен өзі қорғауға міндетті. Кейбір шаруа қожалықтарында өртті сөндіруге мүмкіндік болмауы мүмкін, сондай жағдайда көршілес ұжымдар көмек қолын созып, жәрдем беруі керек-ақ. Р.Бектасов бүгінгі өртті сөндіруге 30-ға жуық адам күші, әрі табиғи апатты жою үшін дайындыққа 1 сағаттай уақыт кететіндігін айтты. Алдымен Р.Бектасов Көкпекті ауылдық округіндегі өрт сөндіру құралдарын тексеріп, 4 аспалы сөмке (ранец) және 21 сақпан бар екендігін анықтаған соң, Қ. Мұқышевқа сақпан санының жеткіліксіздігін ескертіп, 10 тамызға дейін санын 50-ге жеткізуді тапсырды. Сонымен қатар әкімнің тапсырмасы бойынша өрт болған жағдайда адамдар мен техника жинау керектігі де ескертілді. Осыған байланысты әртүрлі мекеме-ұйым басшыларына хабарласып, оқу-жаттығу жұмыстарына адамдарды жинау, шақыру Қ.Мұқышевқа жүктелді. Біздің ауылдық округте жиыны 31 мекеме бар. Аталмыш 31 мекеменің тек қана 12-не телефон шалынып, өртке қарсы ұйымдастырылып жатқан оқу-жаттығу шараларына шақырту хабары жеткізілді. Алайда, осы 12 мекменің ішінде –иә, қазір барады, жібереміз-деген жалған ақпарат берген басшылармен қатар, -мен кезекті демалыстамын, орынбасарыма хабарласыңыздар-деп жауапкершіліктен ат тонын ала қашқандары да кездесті. Осындай келеңсіз жағдайдың куәсі болғанда, қоғамда саналы азаматтарымыз қайда кеткен? - деген ойға қаласың. Шақырту алғаннан кейін алғашқылардың бірі болып әкімшілік ғимаратына Көкпекті орта мектебінен 4 адам келді. Олардың артынан іле-шала Шайжүнісов орта мектебі, сараптама бөлімінің мамандары және әкімшіліктің өз адамдары жиналды. Жиналған азаматтарға ТЖБ басшысы Қалқаман Болатұлы мен Көкпекті селолық округі әкімінің орынбасары Қанат Ермекұлы өрт сәндіру кезіндегі іс-әрекеттер мен қалай киіну керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қалған мекемелер мен ұйымдар телефон қоңырауларына мүлдем үн қатпады. Өкінішке орай, аудан әкімінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараға бей-жай қарап, қатысуды жөн санамаған мекеме мен ұйымдар да бар болып шықты. Атап айтсақ, Жылжымайтын мүлік орталығы, Қорғаныс бөлімі, Ішкі саясат бөлімі, Жастар орталығы, Ауылшаруашылық бөлімі аудан әкімінің тапсырмасын орындаудан бас тартты. Көкпекті ауылдық округіндегі өрт қауіпсіздігіне арналған құжаттарын тексеру барысында мынадай олқылықтар орын алғандығы байқалды. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларына арналған жоспары болған жоқ. Өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтар карточкасы мен тізім бар, бірақ штаб құрамы анықталмаған және шаруа қожалықтарымен ниет-келісімшарт жасалмаған. 31 мекемеден небәрі 4 мекеменің адамы ғана жиналды. Ал енді бұл шараның жағымды жағы өртке қарсы іс-әрекеттерді ұйымдастыру, жаттығу еді. Оқу жиыны 45 минутқа созылды, ал аппаратты жинақтауға 35 минут кетті. Бір сағаттың ішінде 20-дан астам адам жиналды. ТҮКШ, автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Р.Бектасов жіберілген барлық кемшіліктер бойынша тапсырмалар берді және оны белгіленген мерзімде, яғни, ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін орындауды талап етті.

Өрт-тілсіз жау. Сол себепті оны жою үшін бір жағадан бас , бір жеңнен қол шығарып, бірігіп әрекет ету керек. Жоғарыда айтылған жағымсыз жағдайлар алдағы уақытта болмайды деп сенеміз. Өрт жерімізді шарпымасын, қоғамда тыныштық орнасын.

Тамыздың 3 күні сағат 16-00 де ТЖ бойынша аудандық комиссия мүшелері үшін шұғыл түрде жиналу хабарланған болатын. Алғашқылардың бірі болып, 10 минут өткен соң, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Г. Абдрасылова және АОА директоры Р. Сафиоллинова келді. 58-Өрт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Ғариповтың телефоны жауап бермеді әрі комиссия отырысына сол күйі келмеді. Соңғысы болып, 50 минуттан кейін комиссия отырысына ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев келді.

Оқу-жаттығудың қорытындысы осындай, олар ұйым жетекшілері мен ТЖ бойынша аудандық комиссия мүшелерінің жауапкершілігі мен ширақтылығын көрсете білді.

САНДУҒАШ ҚАЖЫОМАРОВА 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз