Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік қызметкерлер қашанда халықтың арқасүйері, сенім артар тұлғалары болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан, адамдық қасиеттің, парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейінің үлгісі бола білуі қажет. Бір сөзбен айтқанда әмбебап адам бола білуі керек.


Мемлекеттік қызметкер қандай болуы тиіс деген сұрағымызға кейіпкеріміз мүдірместен дәл осылай жауап берді. Расымен де, аталмыш сала қызметкерлері басқа мамандардан ерекше қасиеттерімен, психологтың да, басқаның да міндетін меңгеруімен дараланып тұруы қажет. Себебі, ол мемлекеттің бейнесін қалыптастырушы тұлға болып табылады. Өзінің күш-қайратын, білімін, адал еңбекке толы жылдарын өзі туып-өскен киелі Көкпектінің игілігіне жұмсаған Манарбек Сейсенбаевтың бойынан аталған қасиеттердің барлығын кездестіре аламыз десек, артық айтқанымыз емес. 1969 жылы құрылыс саласында алғашқы еңбек жолын бас-тайды. Алғашқыда ағаш шебері, ұста болып жұмыс істейді. 1975 жылы Семей қаласындағы құрылыс техникумына оқуға түседі. Аталмыш білім ордасын тәмамдаған соң оқу орнының бағыттауы бойынша жұмысқа орналасады. Кейіннен Көкпектіге келіп, 2203 жылжымалы механизаторлы колоннасында 1996 жылға дейін құрылыс жетекшісі болып істейді. Осы жерде қызмет етіп жүріп, ауданымызда салынған аса қиын әрі биік обьекттердің бірі, телемұнараның құрылыс жұмыстарына қатысады. Тікұшақтың көмегімен жүргізген жұмыс үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты талап етеді. Бірігіп бел шеше жұмыс істеген құрылыс тобы әр миллиметрі маңызды, бір жерден қателік кетуге болмайтын жұмысты сапалы орындап, уақытында тапсырады. 1969 жылдан 1996 жылға дейін аталмыш салада еңселі еңбек еткен Манарбек Ахметжарұлы 1998 жылы аудандық Сәулет, құрылыс, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұмысқа орналасады. Осы арадан ағамыздың мемлекеттік қызметтегі елеулі еңбек жолы басталады. Төтенше жағдайлар бойынша маман болып қызмет ете жүріп, ауданның тыныс-тіршілігіне дем беріп жүреді. Табиғи апаттардан туындаған төтенше жағдайлардан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып, біршама жұмыс атқарады. Қызметін адалдықты ту ете жүріп атқарған Манарбек Ахметжарұлы ауданымыздағы біршама ғимараттардың құрылысына үлес қосып, табын қалдырды. Теректі, Тассай ауылдарындағы және Көкпекті ауылындағы 2 орта мектептердің, аудан орталығындағы банк мекемесінің құрылысы осы ағамыздың араласуымен салынған болатын. Қызметкер атқарған әр ісіне басқаға емес, ең алдымен өз ары мен білімі алдында жауап беруі тиіс деп есептеп, өзі де сол мүддеге 2013 жылға дейін еңбек етеді. Бүгінде Манарбек Сейсенбаев өмірінің несібелі кезеңіне өтіп, қанша жыл атқарған қажырлы еңбегінің зейнетін көріп отыр.
«Өзім өскен отбасымда 7 адам бар. Барлығы да білім кемесімен жүзуді таңдаған. Екеуі профессор дәрежесіне жеткен. Қарындасым Швеция елінде химия ғылымдарының докторы. Шынымды айтсам, жоғарғы білім менде ғана жоқ», - деп күлді Манарбек аға. Үнсіз, бас шұлғып тыңдап отырып, мүлде басқа ойда болдым. Бұл кісімен болған әңгімеден ұққаным жоғарғы білім тек ордалы оқу орнындарында берілмейді. Ол уақыт ағымымен, өзін өзі үнемі жетілдіріп, өмірдің әр сәтінен сабақ ала білген жанның ғана еншісіне тиеді. Алған азғантай білімді үздіксіз еңбекпен, тәлімді тәжірибемен толықтырып отырып қызметін қажырлылықпен атқарған Манарбек аға мемлекеттік қызметкерлерге мереке қарсаңындағы жылы лебізін білдіре отырып, жас мамандарға кеңесін де айтып өтті. – Мемлекеттік қызметкер атқарып отырған жұмыстың өзіне емес, халқына қажеттілігін ұғына білуі керек. Алатын еңбекақысынан, халықтың мүддесңн жоғары қою міндет. Сонда ғана іс адал, еңбек жемісті болмақ. Мемлекеттік қызметкердің сыпайылығы, оның адамдық қасиеті мен тиянақтылығы тек ішкі жан-дүнимесінде емес, сыртқы бейнесінен де аңғарылуы керек. Ол халықтың алдына шығу арқылы өзін ғана емес, бүкіл мемлекеттік қызметтің бейнесін алып жүргенін жадынан шығармай, киген киімінің мұқияттылығынан бастап, сөйлеген сөзінің дұрыстығына дейін қадағалауы тиіс. Үлкен істермен қоса, әр ұсақ мәселелерді ұмыпай, өзін үнемі жетілдіру үстінде болған жан ғана аталған қызметтің шыңына жете аладй, - деп сөзін аяқтады Манарбек Ахметжарұлы.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз