Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 жыл бойы спорт және дене шынықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша елеулі еңбек сіңіріп, қаншама шәкірт баптап ұшырған жаттықтырушы Бақыт Ғазизұлы Рахимовтың Көкпекті ауданы тұрғындары арасында беделі зор.
Әркім өзінің атқарған ісі мен жеке басының қасиеттері арқылы танымал болатыны сияқты, Бақыт Ғазизұлы жас та болса 2011-2016 жылдар аралығында Тассай округі бойынша аудандық мәслихат депутаты ретінде қоғамдық жұмыстарға атсалысқан, ұзақ жыл таэквондо жекпе-жегіне балғындарды баулып, оларды шынықтыру арқылы спорт әлемінің биіктеріне жетелеп жүргені баршамызға белгілі.


Сондай-ақ, ол 2004 жылы Малайзияда өткен әлем чемпионатына қатысып, 6-Dan - қара белбеу иегері атағын жеңіп алған даңқты таэквондошы. Оның қолынан шығыс жекпе-жегінің көптеген жүлдегерлері қанаттанып, әлі де дәріс алып жүргендер, жеңіске қол жеткізгендер жетерлік. Бүгінде Бақыт Ғазизұлының шәкірттері еліміздің әр жерінде спорт шыңдарын бағындыру үстінде.
Осыншама еңбегі ескерусіз қалмай, Бақыт Ғазизұлы жақында Қазақстан Республикасы Спорт және Дене шынықтыру істері Агенттігінің бұйрығымен «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ, жаттықтырушыларға, әдіс-керлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 05.03.2011 ж.№ 02-02-18/29 бұйрықтарымен бекітілген «Де-не шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды және «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы» санатына лайық деп танылды.
Құрметті Бақыт Ғазизұлын аудандық газет редакциясы ұжымының атынан алған марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз. Қиыншылығы мен жауапкершілігі мол ісіңізде мәртебеңіз өрлей берсін!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз