Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аймақ орталығынан көш түзеген рухани керуен Көкпекті ауылынан шығып, ат басын Тассай төріне тіреді. Облыстық Дін істері басқармасының өкілдерінен құрылған қауым орталарына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Әділ Тұрғанбаев пен бір топ өнерлі жастарды да ала келіпті. Ауыл халқымен келелі сұхбат жүргізіп, арасында өлеңмен өріп, әнмен өрнектеп отырды. Керуенннің алға қойған басты мақсаты, халықты, әсірісе жас буынды имандылыққа, ізгілікке шақыра отырып, кездейсоқтыққа ұрынып жат пиғылды діни ағымдарға еруден, сондай-ақ, ел бірлігіне іріткі түсіретін ілімдерге ілеспеуді насихаттау болып табылады.
Аталған топ барша жұртты өзара ынтымақ пен бірлікке шақырып, отансүйгіштік рухтағы келелі кеңестерін айтып, туған елімізді, Атамекен жерімізді, бабаларымыздың қан мен терімен келген азаттығымызды көзіміздің қарашығындай сақтауымыздың маңызы біз үшін ерекше екенін түсіндірді. Қазіргідей аласұрған жанкешті заманда Отан-Анамыздың құрыш қабырғасын қатайта түсуге үлес қосуымыз керектігі – әрқайсымыздың абыройлы парызымыз екенін жұрт зердесіне құйды. Тұшымды ойды жиналған ағайын ықыласпен, зейін қоя тыңдап, қоштап отырды.
Ақиқат пен ізгілікті ту еткен діни-рухани насихат керуенін тассайлықтар құрметпен құшақ жая қарсы алып, қас қарая бере қанымызға тән кішіпейілдікпен қошеметтей шығарып салды. Керуеншілер мінген шағын автобус орнынан баяу қозғалып, жүрісін екпіндете үдетіп күре жолға түсті. Бет алысы күншығыс жақ.
...Абайдың інілері ай,
Қазақтың ірілері ай,
Сәкен, Ілияс, Бейімбет...
Әділ салған әсем ән құлағымызда көпке дейін күңіреніп тұрды.


Катрен Байжұманов

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз