Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әркімнің өз қазығы - адамның өскен ортасы, одан алған тәрбиесі, рухани құндылықтары, ұлттық салт-санасы, имандылығы бар. Көктегі шоқжұлдыздар үшін Темірқазық қандай маңызды болса, адамға да хақ жолды көрсетіп, жарық шашар діні мен ұлттық дәстүрі сондай маңызды. Ділі мен діні толыққанды болған жан рухани басқыншылыққа төтеп бере алады. Қазақ қазақ болғалы оның әр заман, әр ғасырлардағы ұлттық мемлекетінің тұғыры Ислам діні негізінде қалыптасқан мәдениетіміз бен менталитетіміз болып келген. Сол замандардан бастап ұлттымыздың сана-сезімі, салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті асыл дініміздің құндылықтарымен астасып, ажырамай дамыды.


Біздің рухани құндылықтарымыз – дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан, дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Дәл осы орайда, ағымдағы аптада Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарының басын қосқан «Дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі» тақырыбындағы «Рухани керуен» ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Келелі мәселелерді қозғаған шараның шымылдығын Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Индира Беркімбаева ашты. Аталған акцияның қызметі мен негізгі мақсатын түсіндіре отырып, «Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Демек, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Бұл екеуі ұзақ дәуірлер бойына екшеленіп, сұрыпталып қалыптасқан ұлтымыздың асыл қазынасы», - деді Индира Қилымбекқызы.
Ел тыныштығы мен өркендеуінде үлкен орын алатын осы екі жауһар жайлы келелі пікір қозғап, тұшымды ой айтқандардың қатарында Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Мұқатай, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің техника ғылымдарының кандидаты, профессор Мақсұт Егізов және өңіріміздің «арыстандай айбатты» жас мамандары болды. Жан дүниенің рухани азығымен сусындатқан әңгімелер айтылған тағылымды жиында жергілікті көркемөнерпаздардың қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көрермен қауымның салт-дәстүрді қаншалықты білу деңгейін бағамдайтын «Алтын қақпа» интеллектуалды ойыны да көптің көңілінен шықты.
Дін – діңгегіміз болса, дәстүр оны толықтырып, көркейтіп тұрған әдет-ғұрыптарымыздың рухани ажырамас бөлшегі болып есептелінеді. Қазақ халқы дала заңымен, дәстүр-салтымен өмір сүрген халық. «Уықты басқұр сақтайды, ұлтты дәстүр сақтайды» деп бабаларымыз неге айтқан дейсіз?! Еліміздің іргетасы берік, шаңырағы биік болсын десек, дінімізге адал, ділімізге бекем болайық!


Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз