Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартына мынандай өзгерістер енгізілді:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Әскери-техникалық мектебі» РМКҚ филиалдарына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарт талаптарына сәйкес азаматтарды ақылы негізінде оқу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына өтініш берген кезде көрсетілетін қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілген қызмет мерзімі (42 қырық екі) күн болып белгіленеді.


Мемлекеттік көрсетілген қызмет уақытылы ұсынбау туралы көрсетілген қызметті алушылар тарапынан наразылықты тудырмау мақсатында мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын қоса берілген өтініш жергілікті әскери басқару органдарына келіп түскен сәттен бастап стандарт талаптарының шеңберінде екі күн ішінде мемлекеттік корпорацияға оқуға қабылданады, немесе дәлелді бас тартылғаны туралы хабарламаны жолдауы қажет.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бойынша көрсетілген қызметті алушы (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Жергілікті әскери басқару органдарына:
Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Әскери құжат әскери (есепке тиесілілігін айқындау үшін тіркеу куәлігі немесе әскери билет);
Білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстырып көру үшін тұпнұсқа);
Сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама;
Әскери қызметке жарамдылығы туралы медициналық куәландыру картасы;
Ақы төленгені туралы түбіртек;
Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту тек мыналар бола алады: бір жылға белгіленген нарядтың орындалуы, соттылығы, жасы бойынша сәйкессіздігі, әскери қызметке жарамсыздығы және т.с.с.
Оқыту кезеңдерінің біріне наряд орындалған жағдайда қызмет алушыны хабардар етумен және келесі кезең оқуының басталатын күнін көрсетумен қызмет алушы автоматты түрде кеніші оқу кезеңіне өтеді. Жинақтау және қызмет алушыны оқыту кезектілігін қызмет алушының өтініш берген күніне сәйкес қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерден тыс даярлық бөлімінің бастығы белгілейді.
Осы норма Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 86 бұйрығымен бекітілген «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау» мемелекеттік көрсетілген қызмет регламентінің 6-тармағында көзделгендей яғни, көрсетілген қызметті алушыға әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқытуды туралы сертификат беруден дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Сондай-ақ, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4-тармағына сәйкес Қорғаныс министірінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін азаматтарды іріктеу мен жіберу жергілікті әскери органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш қабылдаған сәттен бастан көрсетілген қызметке өтініш қабылданған сәттен бастап көрсетілетін қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес оқыту үшін ақы төлегені туралы түбіртекті талап етеді.
Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде оқытуға қабылдау туралы жергілікті әскери басқару органдарынан алған хабарлама болған жағдайда оқыту үшін ақы төленгені туралы түбіртекті ұсынады.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды өткізу кезеңінде (көктемде - сәуір-маусым, күзде - қазан-желтоқсан) өтінімді мемлекеттік корпорцияға уақытылы берсе және Әскери техникалық мектебінде оқытуға төлесе, Әскери техникалық мектебі жасы 22 жастан бастап жас және дені сау әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан заңды негізде бас тартуға мүмкіндік болады.
Азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын әскерге шақырушылар тек ауданның (қаланың) әскерге шақыру комиссиясының әскерге шақыруды кейінге қалдыруды (Заңның 35-бабы 5-тармағы) немесе әскери қызметке шақырудан босату туралы (Заңның 36-бабы 1-тармағының 2,3,5,6 тармақшалары) шешімінен кейін Әскери техникалық мектебі филиалдарында ақылы негізінде оқытудан өте алады.
Әскери техникалық мектебі филиалдарында ақылы негізінде оқитын әскерге шақырылушылардың жас санаты мен білім деңгейі бойынша өткізілетін талдау негінде Заңның 12-бабын өзгерту туралы ұсыныс енгізді, онда Әскери техникалық мектебінде оқитындар үшін жас цензасының төменгі сатысы 22 жастан 24 жасқа дейін артты.

Р.Абдрахманов, Көкпекті ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз