Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Рухы биік шежіреге толы халық тәуелсіздікке қол жеткізу жолында талай күрестерді артта қалдырды. Кең даланың тарих беттеріне үңілген сайын ата-баба ерлігіне, қара тасты қақ жарған әділдігіне, қызыл тілінен бал тамған шешендігіне еріксіз бас иерігіңіз сөзсіз. Шыныда да біз «мың өліп, мың тірілген» халықпыз. Жігерлі жастарына қарап, ел болшағы туралы сөз болмақ. Бүгінде өркениетті жастар легі толысып келеді. Ауданымыздағы жанарларын жалын, жүрек-терін жігер шарпыған жас-тар қауымының мемлекет мәртебесін көтеруге қосар үлесі жөнінде пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Жарбол Алматайұлы Ал-пысбаев, Көкпекті орта мек-тебінің педагог-психологі, «Көкпекті жастары» қоғамдық патриоттық бірлестігінің төрағасы:

- Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және егемен еліміздің перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Егемен еліміздің ертеңгі болашағы біздердің, яғни бүгінгі жастардың біліктілігі мен саналы әрекеттеріне байланысты.

Сол себепті, мемлекетіміз  «арыстандай айбаттыларына» баса назар аударып, көңіл бөлуде. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Кезінде АҚШ Президенті Дж.Кеннеди «Бізге өзімізде ешқашан болмаған дүниелер жайлы армандайтын жастар керек» деген болатын. Міне, сол сияқты мен де Қазақстанның даму жолында өз мақсат-міндеттерімді ұштастыра отырып, бар қарым-қабілетімді жұмсаймын, елімнің қанатын кеңге жаюына бар күшімді саламын.

Ақбота Сабырбекқызы Құнапиянова, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепің бас-тауыш сынып мұғалімі:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі жастар — еліміздің ертеңінің іргетасы, кемел келешектің иелері» деп бекер айтпағаны мәлім. Осы сөздерден-ақ артылған жауап-кершілік пен сенімнің салмағын анықтауға болады. Мемлекет бізге сеніп қана қоймай, сонымен қатар, жаңа буынның жаңашыл мақсаттарының алдында барлық есіктер мен жолдарды ашуда. Соның бір дәлелі – «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол». Осындай кемел саясат, жастарға арналған жол алдымызда тұрғанда біз креативтілігімізді танытып, күш-жігер жұмсауымыз міндет. Міне, қайраттылығымызды көрсетер, құлаш сермер тұсымыз осы.

Берік Серікпайұлы Байгереев, М.Әуезов атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі:

- Әрбір адамның ел ертеңіне қосатын өз үлесі болады. Еліміздің қарыштап дамуына келелі үлес қосу жолында жауапкершілігімізді се-зіне білсек, бекер өмір сүріп жатпағанымыздың айғағы деп білемін. Жанарында жалыны тасыған жастар өркениетті қоғам жетістігінің кепілі, табыстың кілті де солардың қолдарында. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.

Иә, ел мерейін үстем ету кейінге қалтыруға болмайтын парызымыз. Елі-міздің келешегіне құйылатын дарияның кішкентай сағасы, тамшыдай бөлігі бола білсем, сол менің мемлекетімізге деген патриоттық сезімімнің айғағы болмақ.

Дайындаған:

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз