Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Раиса Вишнякова, есепші, ТҮКШ бөлімі, ұлты татар, 67 жас:

-Жерлестерімді 1 мамыр – Қазақстан халық-тарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бір шаңырақтың астындағы хал-қымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Жақында елімізде жыл сайын өтетін дәстүрлі «Қазақстан-2050 стратегиясы»: татулық, руханилық және келісім мәдениеті» атты Қазақстан халықтарының XXI сессиясында  Үндеу қабылданды. Көкпекті ауданында да әр түрлі ұлт өкілдері тұрақталған. Барлығымыз осы уақытқа дейін тату-тәтті өмір сүрудеміз. Осы бірлігіміз нығая түссін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Оксана Кривко, заңгер, Салық басқармасы, ұлты орыс, 39 жас:

-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда ауданда ынтымақты тұрмыс кешіп отырған тұрғындар үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Мен біздің балаларымыз бақытты өмір сүріп, осы татулығымызды сақтаса деген тілек білдіргім келеді. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бірлігіміз баянды боларына сенімдімін. Өз басым оның жүргізіп отырған саясатын қолдаймын. Барлық көкпектіліктерге денсаулық, бақыт, байлық тілей отырып, көпұлтты мемлекетіміздің Көк Туы желбіреп, Әнұранымыз асқақтай түссін дегім келеді.

Александр Миллер, Преображенка ауы-лының тұрғыны, ұлты неміс, 63 жас:

-Бүгінде көпұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы – тұрақтылық пен татулықтың мекені.

Астана қаласының ең танымал халықаралық ЕХРО көрмесін 2017 жылы өткізу орны болып танылуы – еліміз үшін тағдырлы тарихи оқиға! Бұл сөзсіз Қазақстанның айтулы мәртебесі, Елбасының айшықты жеңісі, Қазақстан халқының қажырлы еңбегінің айқын нәтижесі. Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» дейді. Барлығыңызды осы айтулы мерекемен құттықтаймын!

Дәурен Құрманғалиев, зертханашы, СЭҚ бөлімі, ұлты қазақ, 21 жас:

-«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасау-дан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!

Мария Павлова, неміс, зейнеткер:

-Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы ол  - адамдары. Құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын  «Мәңгілік елге» айналады.

Тоғай Зүлфиев, өзбек, кәсіпкер:

-1 Мамыр бірлігі мен ынтымағы күні деп мерекелейміз. Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Себебі, елімізде ең бастысы - ұлтына қарап емес, адам деп сыйлау. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысудамыз.

Валентина Кутателадзе, болгар қызы, Самар ауылы:

-Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтаймын!

Айдынгүл Жәлел, Көкжыра ауылы:

-Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған - ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.

Рауза Төлегенқызы, мемлекеттік қызметкер, Самар ауылы:

-Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің арқасында алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі бар. Себебі, осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің нәтижесінде баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.  Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді. 

Тамара Репникова, зейнеткер Самар ауылы:

-1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ынтымағы - тұрмысына ырыс, татулығы - бірлігіне тыныс біртұтас еліміздің ортақ мейрамы. Қазір әлем елін алаңдатып отырған Украинадағы жағдай еш жерде орын алмасын. Біздің Президентіміз Н.Назарбаев оларға ара ағайын болып, татулыққа шақырып отыр. Осынау ортақ шапағат пен шаттықтың мерекесі елімізге құт, көңілдерге қуаныш сыйласын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз