Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шілде 2020

22 Шілде 2020

НАУҚАСТАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН БАҚЫЛАЙДЫ

ҚР ДСМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 380 «COVID-19 коронавирусының симптомсыз формасымен ауыратын науқастарға амбулаториялық бақылауды ұйымдастыру туралы» бұйрығының негізінде Көкпекті ауданының орталық ауруханасы жанынан ШЖҚ КММ 5 мобильді топ құрылған.

Бүгінгі таңда мобильді топтардың дистанциялық бақылауында 100 - ден астам адам тұр. Олар - коронавирус инфекциямен ауырғандар, оны жеңіл және симптомсыз түрде ауырған адамдар, науқастармен қарым-қатынаста болған және үй карантиніндегі емделушілер, «Пневмония» диагнозы бар, амбулаторлық емделудегі және стационардан шығарылған пациенттер. Мобильді топ эпидемиологиялық ахуалдары нашар елді мекеннен, Көкпекті ауданының аумағына келген науқастардан, телефон арқылы олардың жағдайын біліп отырады.
Мобильді бригада мүшелері әр күн сайын тәулігіне 2 рет аудио және видео түрінде қоңырау шалып, науқастардың көңіл күйін біліп, ұсыныстар береді, учаскелік дәрігерлермен және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Read more

17 Шілде 2020

13 МЫҢ ҚОРҒАНЫС МАСКАСЫ ТАРАТЫЛУДА

Көкпекті ауданы бойынша 13 мың адам тегін қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан шара аясында бүгінгі күні аудан тұрғындарына 5 мың қорғаныс маскасы таратылып берілген. Жалпы облыс бойынша тегін қорғаныс маскасымен 470 мың тұрғын қамтылмақ.

Бұл мақсатта «Парыз» қоғамдық қорынан қаражат бөлініп отыр. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, 470 мың адам, оның ішінде 13 мың Көкпекті ауданының тұрғындары көп реттік пайдаланылатын маскалармен қамтылады. Олардың арасында – зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы, азқамтылған отбасылар, 1,2,3-топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалардың ата-аналары бар.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша маска тарату жұмыстары Көкпекті ауданында 8 шілдеден басталып кеткен.

Біздің тілші

Read more

13 Шілде 2020

08 Шілде 2020

Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 ж 3 шілдедегі № 48-5/7 шешімі

Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы»

№ 32-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 баптарына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» № 32-2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Көкпекті аудан бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен босатылсын:

№ 785

Байсенгиров Серик Дуйсембаевич -«Көкпекті жастары» қоғамдық бірлестігінен,өз еркімен.

№821

Нукушева Кайнигуль Калигожиновна–. ШҚО «Көкпекті аудандық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінен, өз еркімен.

№ 841

Иматулина Анаргул Толегеновна -«АҚ ЖОЛ» Қазақстанның Демократиялық партиясынан, қайтыс болуына байланысты.

2. Саяси партиялар шығып кеткендердің орнына аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды 2020 жылдың 18 шілдесіне дейін енгізсін.

3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Фахрутдинова) осы шешімнің орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдасын.

         4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                      Р. Кажиакберов

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                                   Т. Сарманов

Read more

Решение Кокпектинского районного маслихата от 3 июля 2020 г № 48-5/7

О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 9 января 2019 года № 32-2 «Об избрании членов территориальной и участковых избирательных комиссий по Кокпектинскому району»

В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 10, 19 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О выборах в Республике Казахстан», Кокпектинский районный маслихат РЕШИЛ:

 1. Внести в решение Кокпектинского районного маслихата от 9 января 2019 года № 32-2 «Об избрании членов территориальной и участковых избирательных комиссий по Кокпектинскому району» следующие изменения:

Освободить от обязанностей следующих членов участковых избирательных комиссий:

№ 785

Байсенгирова Серика Дуйсембаевича –.от общественного объединения «Көкпекті жастры», по собственному желанию.

№ 821

Нукушеву Кайнигуль Калигожиновну–от общественного объединения « Оранизация ветеранов войны в Афганистане Кокпектинского района ВКО» по собственному желанию.

№ 841

Иматулину Анаргул Толегеновну - от Демократической партии Казахстана «АК ЖОЛ», в связи со смертью.

2. Политическим партиям внести предложения по кандидатурам в состав избирательных комиссий Кокпектинского района, вместо выбывших срок по 18 июля 2020 года.

3. Руководителю аппарата районного маслихата (Фахрутдинова Н.Б.) принять соответствующие меры по выполнению настоящего решения.

4. Настоящее решение вводится в действие со дня принятия.

 

Председатель сессии                                                               Р. Кажиакберов

 

Секретарь

районного маслихата                                                               Т. Сарманов

Read more

07 Шілде 2020

АУДАНДА 17 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

«ҚДС департаментінің Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ ұсынған ақпараты бойынша, 1 шілдеде Көкпекті ауданында коронавирусты жұқтырғандардың саны 17-ге жетті.
Статистикалық көрсеткіш күн санап өсуде. Короновирус індетіне шалдыққан 12 науқасқа тағы 5 адам қосылды. Барлық бесеуі Самар ауылының тұрғындары.
11 ауру «симптомсыз» санатына жатса, 6 КВИ білінеді

Read more

17 ЗАРАЖЕННЫХ КОРОНАВИРУСОМ В НАШЕМ РАЙОНЕ

По информации, предоставленной РГУ «Кокпектинское районное Управление ККиБТУ», число зараженых коронавирусом в Кокпектинском районе на 1 июля достигло 17.
Статистика продолжает неумолимо расти вверх. К имеющимся 12 случаям заболевания коронавирусной инфекцией прибавились еще 5 человек. Все пятеро – жители села Самарское.
11 заболевших относятся к категории «бессимптомных», 6 больных - с проявление КВИ.

Read more

ТҮЛЕКТЕРДІҢ БІЛІМІН ТЕКСЕРУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Көкпекті ауданында оқу жылын 187 түлегі аяқтады, оның ішінде 21 «Алтын белгі» және 5 «Үздік аттестат» иегерлері бар. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2020 жылдың 28 маусымында бір ағынмен өтті.
Біздің ауданда Ұлттық бірыңғай тестілеу ағымдағы жылдың 28 маусымы күні бір кезеңде өткізілді. Оған аудан мектептерінің 134 түлегі қатысты. Тестілеу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды. Атап айтсақ, ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасында 2 метрден кем емес ара қашықтық сақтау, дезинфекция жасайтын тоннельде өңдеу өткізу, қолды және аяқ киімді антисептикпен өңдеу сияқты шаралар қабылданды. Аудандық аурухана қызметкерлері тестке қатысушы түлектердің тепловизор аспабы арқылы дене температурасын өлшеді. Сонымен қатар әрбір ҰБТ қатысушысына респираторлық маскалар мен қолғаптар таратылды.

Read more

03 Шілде 2020

МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ҚР-ДАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ БЕКІТТІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады.
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:
Көлік қатынасы бойынша:
Рұқсат берілген елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Read more

Госкомиссия приняла решение о введении с 5 июля ограничительных мер на 14 дней

На заседании Государственной комиссии под председательством Премьер-Министра РК Аскара Мамина, в соответствии с поручением Президента РК Касым-Жомарта Токаева, рассмотрены меры по стабилизации эпидемиологической ситуации в Казахстане, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на официальный сайт Премьер-Министра РК.

О санитарно-эпидемиологической обстановке в стране и предлагаемых мерах по введению ограничительных мер в целях недопущения распространения коронавирусной инфекции доложил министр здравоохранения А. Цой.
С учетом осложнения эпидемиологической ситуации и роста заболеваемости коронавирусной инфекцией в Казахстане, Госкомиссия приняла решение о введении с 5 июля т.г. следующих ограничительных мер на 14 дней:
По транспортному сообщению:
1. Сохранить международное авиасообщение без дальнейшего увеличения списка стран.
2. Сохранить авиасообщение между регионами, железнодорожное сообщение (с ограничениями).
3. Приостановить пассажирское автобусное автосообщение между регионами.
4. Ограничить работу общественного транспорта по времени.
По передвижению граждан:
1. Ввести запрет на проведение зрелищных, спортивных и других массовых мероприятий, а также семейных, памятных мероприятий.
2. Разрешить индивидуальные тренировки на открытом воздухе.
3. Ограничить перемещение населения по улицам, паркам, скверам – не более 3-х человек.
4. Ограничить перемещение лиц старше 65 лет.
Запретить деятельность:

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз